Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.10.2017

Қызметтер

Атырау қалалық қаржы бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау қалалық қаржы бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Атырау қалалық Әділет басқармасында Заңды тұлға ретінде 2016 жылдың 7 маусымында қайта тіркелген мемлекеттік мекеме. Бөлім өз құзіретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау қалалық қаржы бөлімі Атырау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №666 «Атырау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аталған нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ; Бөлімде персоналды басқару қызметі бойынша атап айтқанда 2016 жылдың I жартыжылдығы ішінде мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, (кадрлардың) қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымынан төмендетілуі, ерлі-зайыпты, жақын туысқандық қарым-қатынасы бар қызметкерлердің бірге жұмыс жасауы сияқты фактілер болған жоқ. Мемлекеттік сатып алу жүргізу жұмыстары бойынша да, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады.

Коммуналдық меншік секторы бойынша - қалалық қаржы бөлімі Ережесінде көрсетілгендей қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады. Жекешелендіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Талдау нәтижесінде анықталғаны: Қағиданың 41-тармағына сәйкес Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады. Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсiн қолдана отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей шығарылады. 51-тармағында «Егер жеңімпаз аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу шартына Қағиданың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаса, сатушы тізілім веб-порталында қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа тағы да шығарылады». Бұл ретте Ережеде жекешелендіру объектісі аукционға тағы да қай әдіспен шығарылатындығы нақтыланып көрсетілмеген. Бұрын өткізілген әдіспен тағы да шығарылады деп пайымдауға болады. 51-тармақта көрсетілген жағдай екі емес үш-төрт рет қайталанған жағдайда баспасөзге хабарлама жариялауға бюджеттен тым көп қаражат жұмсалып, аукционға қатысушылардың саны көп болуына қарамастан жеңімпаз әлі де анықталмауы мүмкін.

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобы жоғарыда көрсетілген мәліметтер нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізіп, бөлім қызметінде коммуналдық меншік секторы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат анықтады. Ал бөлімнің басқа секторлары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады.

Осыған орай, қалалық қаржы бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген қағидаға өзгеріс енгізу бойынша ұсыным қабылдауыңызды сұрайды.


Мақаланың шыққан күні:: 18.01.2017 10:36
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.01.2017 10:36