Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.06.2017

Қызметтер

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде 2016 жылы жүргізілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы №1412 «Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет басқармасында Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 01 қыркүйегінде тіркелген мемлекетті мекеме.

Бөлім өз құзіретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №116 «Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Аталған нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ;

Бөлім бойынша атап айтқанда 2016 жылдың II жартыжылдығы ішінде мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, (кадрлардың) қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымынан төмендетілуі, ерлі-зайыпты, жақын туысқандық қарым-қатынасы бар қызметкерлердің бірге жұмыс жасауы сияқты фактілер болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу жүргізу жұмыстары бойынша да, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – бөлім тарапынан 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Электрондық үкімет» порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы (немесе баламалы түрде) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар тақырыбы бойынша жауапты мамандардың қатысуымен қалалық бөлімде жиналыс өткізіліп, мемлекеттік қызмет түрлері жан-жақты талқыланды. Бүгінгі күні бөлім арқылы көрсетілетін 28 мемлекеттік қызмет түрлерінің ішінде 10 (он) мемлекеттік қызмет түрлері стандартқа сәйкес жергілікті атқару органдары (ЖАО) арқылы көрсетіледі. Олардың ішінде 2 мемлекеттік қызмет түрлерінің құпиясы заңмен қорғалатындықтан, бөлім арқылы қабылдануы тиімді. («Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» және «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметтері).

Ал төменде аталған 8 (сегіз) қызмет түрлерін Мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) көрсету үшін стандартқа өзгеріс енгізуге ұсыныс береміз:

1.Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

2.Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

3.Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

4.Мүгедектерге кресло-арбалар беру;

5.Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

6.Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

7.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

8.Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында аталған қызмет түрлерін «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы филиалы арқылы қабылдауға қала әкімі аппаратына ұсыныс хат жолданғандығын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»; қызметі бойынша Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңы мен стандарт арасында туындап отырған қарама- қайшылықты анықтап беруді сұрап, (07.10.2016ж. №03-05-01-24/588 шығыс хатымен) ұсыныс- хат жолданған болатын. Бүгінгі күнге жауабы күтілуде.

Алдағы уақытта, баламалы түрде көрсетілетін қызметтердің ішінде жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап «Электрондық үкімет» порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО арқылы) көрсетілетін болады. Осы аталған қызметтерді алу мүмкіндігін арттыру мақсатында, тұрғындар арасында кеңінен ақпараттық-насихаттау және түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 22-23 желтоқсан күндері бөлім басшысы мен сектор меңгерушілерінің қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетуде азаматтарға жеке мәселері бойынша қабылдау жүргізілді.

1. 2015 жылдың 19 маусымында №281 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың шешімі қабылданып, 2015 жылдың шілде айынан бастап «Өрлеу» пилоттық жобасы қолданысқа енгізілген болатын.

2. «Үйде көмек көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызметі-Үйден қызмет көрсету жағдайына арнаулы әлеуметтік қызмет алушы 15 мүмкіндігі шектеулі балалар «Болашақ» үкіметтік емес ұйым арқылы күндізгі стационарлық қызметін алуда. Алдағы уақытта да жұмыстар жандандыру қажет.

3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV Кодексіне сәйкес:

Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша «Қайтыс болуды тіркеу» мерзімі 1 жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында - қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету, қызметті берушімен қызметті алушының өзара тікелей байланыста болуы, ақпараттық жүйелер пайдалану, қызметтің көрсетілу мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты т.б. фактілер анықталған жоқ.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бақылау-қадағалау функциялары көрсетілмейді, ал ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобы жоғарыда көрсетілген мәліметтер нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізіп, басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екенін анықтады.


Мақаланың шыққан күні:: 20.01.2017 16:22
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.01.2017 16:22