Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Дамбы ауылдық округі әкімі аппаратының 2017 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

Дамбы ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы мен Дамбы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 желтоқсанындағы №33ө Өкіміне сәйкес өткізді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді. Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі», 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі»). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті уәкілетті және нормалар анықталған жоқ.

2017 жылдың І жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2017 жылғы І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 7 бірлікті құрады. Бос орындар болған жоқ.

Бос лауазымдарға жалпы конкурс өткізілмеді. Ішкі конкурс болған жоқ. Кадрлардың ауысулары орын алған жоқ.

Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі №1100 «Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1702 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Атырау қалалық атқарушы органдарының штат саны лимиттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» және Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі №1103 «Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 8 тамыздағы №839 «Дамбы селолық округі әкімі аппаратының құрылымын қайта бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларымен штаттық кесте 8 бірліктен 1 бірлікке қысқартылып 7 бірлік болып бекітілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мүдделі қақтығыстарды реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және Аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111 баптарының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

3) мемлекеттік қызмет көрсету:

І жартыжылдықтың аяғында Аппаратта қалалық әкімшілік қызметкерлері мекемедегі көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебінің деректеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде заң нормаларын өрескел бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Алайда, тұрғындарға мал басы барын растайтын анықтама стандартқа сәйкес берілуі ескертілді.

4) рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2017 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша Дамбы ауыдық округінен 25 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Оның 8 әскер қатарына алынды.

Жоғарыда мазмұндалған негізде жұмыс тобы Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқ екендігі туралы шешімге келді.

Жұмыс тобының құрамы:

Ә.Сабиров

С.Нұрманов

М.Ахонова


Мақаланың шыққан күні:: 13.10.2017 00:42
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.10.2017 00:42