Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша басқармадан 3 қызметкер қызметтен босатылды.

Олар: Басқарма басшысы -басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты 26.06.2017 жылғы №187-өкіммен ;

Басқарманың жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты 23.06.2017 жылғы №49 бұйрықпен;

Басқарманың ұйымдастыру-қаржы бөлімінің бас маманы өз еркімен 23.06.2017 жылғы №50 бұйрықпен қызметінен босатылды.

2) мүдделер қақтығысы - 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқарма құзіретінде рұқсат беру функциясы көзделмеген;

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқарма бақылау функцияларын іске асыру бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет департаментінде Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 23 қаңтарында тіркелген мемлекеттік мекеме.

Басқарманың қызмет көрсету функциялары көзделген ережесі осы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен бекітілген.

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №131 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы қаулысымен басқарманың жаңа құрылымы мен ережесі қайта бекітілді.

2) Басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – 1. Атырау облысы прокурорының орынбасары С.Шалабаевтың 2017 жылғы 6 ақпандағы №6 «Тексеру жүргізуді тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, басқармаға облыстық прокуратурамен тексеру жүргізілді.

Тексеру түрі: қызметтің тиімділігі, соның ішінде Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының және әкімшілік заңнама талаптарының сақталуын тексеру.

Атырау облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша басқармада әкімшілік заңнама талаптарының сақталмағаны анықталды.

Тексерудің қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтар жүйелі түрде тексеріліп, тиісті шаралар қабылданып, қалпына келтірілді.

2. Басқармаға Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №10-10-09/540-1-Т Аудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізу тапсырмасына сәйкес тексеру жүргізілді.

Бақылау түрі: тиімділік, сәйкестік аудиті, сыртқы мемлекеттік аудит, бюджет қаржысының жұмсалуының сәйкестігі, оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамалардың сақталуына аудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізу.

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған жоқ.

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - облыс әкімдігінің бекіткен «Облыстық басқармалардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды қабылдау өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 18 қаңтар №4 «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне басқарма басшысының азаматтарды қабылдау уақыты жарияланды.

Халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілген басқарма басшысының қабылдауында болған азаматтар жоқ.

2017 жылғы мамыр айының ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен басқарма басшысының брифингі өткізілді. Сонымен қатар, жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» басылымдарына басқарма басшысы мен басқарма басшысы орынбасарының сала бойынша жазылған мақалалары жарияланды.

4) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – басқармаға 2017 жылдың I-жартыжылдығы бойынша жеке тұлғалардан 69 өтініш, заңды тұлғалардан 14 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді.

Сонымен қатар, басқарма ғимаратында жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан. Ай сайын аталған жәшік ашылып, бұл жөнінде тиісті акт жасалады.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша – 6 (алты) заң бұзушылықты жою туралы;

6) сот актілері -бойынша 1 (бір) жеке қаулы түсті.

 

Комиссия төрағасы: ____________ К.Кубегенов

Комиссия мүшелері:

____________ Ж.Абдулкаримов

____________ Ж.Жумаханова

____________ А.Кажигалиев

____________ А.Есенова

Комиссия хатшысы ____________ С.Рамазанова

 

 

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау хаттамасы

 

Атырау қаласы                                                                                                                                                 29.09.2017 ж

Қатысқандар:

Жұмысшы тобының төрағасы: Басқарманың құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы –К.Кубегенов;

Жұмысшы тобының мүшелері: құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы –Ж.Абдулкаримов.

Басқарманың жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы – Ж.Жумаханова;

жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы – А.Кажигалиев;

Басқарманың ұйымдастыру-қаржы бөлімінің басшысы – А.Есенова;

Жұмыс тобының хатшысы: Ұйымдастыру-қаржы бөлімінің бас маманы – С.Рамазанова.

 

 

Күн тәртібінде
Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

 

Қаралды: Басқарманың қызметіне ішкі талдау жүргізілді және тиісті талдамалық анықтама жасалды.

Шешім етілді: Басқарма басшысына басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша басқармада сыбайлас жемқорлық тауекелдері жоқ екендігі туралы ұсыныс енгізілсін.

 

Комиссия төрағасы: ____________ К.Кубегенов

Комиссия мүшелері:

____________ Ж.Абдулкаримов

____________ Ж.Жумаханова

____________ А.Кажигалиев

____________ А.Есенова

Комиссия хатшысы ____________ С.Рамазанова


Мақаланың шыққан күні: 04.10.2017 00:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2017 09:37

Қаралым саны: 1032