Array Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі анықтама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі анықтама

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілері:

1. Атырау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №6 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысымен «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілді.

2. Атырау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №226 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілді: «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

3. Атырау облысының әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы №112 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» қаулысымен «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілді.

4. Атырау облысының әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №212 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №226 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы бекітілді.

2) Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері бойынша жағымсыз қорытындылар – анықталмаған.

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: 2016 жылдың 21 мамырдағы «Атырау» газетінің №40 (20023) «Жемқорлыққа – жез ноқта. Алдын алған тиімді» мақаласы жарияланды.

4) Сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша бөлімшеде өткізілген кезекті отырыстар өткізілді:

1. 11.01.2016 ж. №1 хаттама;

2. 31.03.2016 ж. №2 хаттама;

3. 17.05.2016 ж. №3 хаттама;

4. 20.09.2016 ж. №4 хаттама.

5) Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәлімет – сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша өтініштер келіп түспеген.

6) Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалау актілері – келіп түспеген.

7) Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша сот актілері – келіп түспеген.


Мақаланың шыққан күні:: 15.11.2016 16:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.11.2016 16:09