Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Атырау қаласы  2020 жылғы 23 сәуір

 

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы  (әрі қарай – басқарма) басшысының міндетін атқарушының 2020 жылғы 17 сәуірдегі №33/1-4 бұйрығы негізінде 2020 жылдың 17-23 сәуір аралығында басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімі (әрі қарай – Бөлім) жұмысына ішкі талдау жүргізілді.

Талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығы зерделенді.

Көрсетілген құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.

Атырау облысы бойынша мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспары жасақталып, күні бүгінге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 39 бабына сүйене отырып, бір көзден алу тәсілімен   әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық ұйым өкілдерінің ұсынысы негізінде тиісті мәдени шараларды өткізіліп келген.

Алайда, мәдени-көпшілік іс-шаралардың қаржылық шығындарын реттейтін заң нормаларының болмауына байланысты, әлеуетті өнім берушілер арасындағы бәсекелестік туындамай отырғаныдығы және бағалық ұсынымдарының қаржылық шығындары көтерілуі арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мынадай мәселелер қарастырылды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызмет көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау функцияларын іске асыру;

6) Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Персоналды басқару бойынша:

Бөлімнің 4 штаттық бірлік қарастырылған (бөлім басшы, 3 бас маман), Бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімінің басшысына қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық                  іс қозғалып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша аффилиирленген тұлғалар анықталмаған.

Бөліммен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілмейді, бақылау және рұқсат функциялары атқарылмайды.

Бөлімде атқарылатын жұмыстар арнайы веб-сайттарға ақпарат құралдарында жарияланды:

Ашық бюджет - budget.egov.kz, gosreestr/kz.

Бөлімге қатысты талдау кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түспеген.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімінің жұмысын талдау нәтижесінде мәдени шараларын қаржыландыруды реттейтін заң нормаларының жоқтығы анықталды.

Осыған орай, 2020 жылдың 30 шілдеге дейін бухгалтерлік есеп, есептілік қаржы-үнемдеушілік қызмем бөлімі мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізілуі жөнінде тиісті нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша уәкілетті органға ұсыныс енгізу ұсынылады.

 

Жұмыс тобының жетекшісі   А.Жылқыбекұлы

 

Жұмыс тобының мүшелері: А.Джумагалиева

                                          Б.Искахова

 

Таныстырылды:

Бухгалтерлік есеп, есептілік

қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімінің бас маманы        А.Сағиева

 

 

Бухгалтерлік есеп, есептілік

қаржы-үнемдеушілік қызмет бөлімінің бас маманы        Г.Джумагазиева


Мақаланың шыққан күні: 05.05.2020 12:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.05.2020 12:47

Қаралым саны: 84