Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Аудандық білім бөлімінің 2019 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, білім бөлімі басшысының 04.09.2019 жылғы №172 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды. Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Қызылқоға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №222 қаулысымен алынған 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №33-1915-06-ММ Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

Аудандық білім бөлімінде қызметкерлер саны: 23, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер саны – 3.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алып қарастырылды.

Білім бөлімінде 27 (жиырма жеті) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;

2) Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;

3) Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру;

4) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

5) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну;

6) Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;

7) Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;

8) Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу;

9) Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау;

10) Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

11) Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру;

12) Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;

13) Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру;

14) Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

15) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

16) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

17) Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;

18) Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету;

19) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

20) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;

21) Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау;

22) Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау;

23) Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

24) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

25) Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

26) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;

27) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау туралы мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің уақытынан кешіктіріліп орындалғаны болған жоқ. 2019 жылдың қантар – тамыз айы аралығында 1590 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ай сайын аудан әкімшілігіне беріліп отырады. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталып ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар аудандық «Қызылқоға» газетіне жариялануда.

«Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келіп түскен өтініштер саны: 60. Оның ішінде заңды тұлғадан – 3, жеке тұлғалардан - 57 өтініш келіп түсті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ. Білім бөліміне бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіледі. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі. Есептік кезеңде Білім бөлімінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Аудандық білім бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 13.01.2020 11:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.01.2020 11:20

Қаралым саны: 140