Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

Атырау қаласы 15.06.2017ж

Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу үшін округ әкімінің 2017 жылғы 14 маусымындағы №30-ө өкімімен жұмыс тобы бекітіліп, 14-15 маусым күндері жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыты:

-бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімі аппараты жанынан құрылған жұмыс тобы жүргізді. Құрамы:

Ү.Есенғалиева – жұмыс тобының төрайымы, округ әкімінің орынбасары;

М.Танжарикова – жұмыс тобының мүшесі, аулдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

К.Әбілова – жұмыс тобының мүшесі, аулдық округ әкімі аппаратының бас маманы.

Қорытынды:

-2017жылдың 5 қаңтар-15 маусым аралығында округ әкімімен 172 нормативтік-құқықтық актілер ( 139 шешім, 33 өкім ) қабылданған. Нормативтік- құқтық актілер қабылдауда заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, кадрлардың ауысуын талдау бойынша:

-округ әкімі аппаратында бекітілген штат кестесі бойынша 7 мемлекеттік қызметші еңбек етеді (әкім, орынбасар, 5 бас маман). 2017 жыл бойынша кадрлардың ауысуы болған жоқ.

-мүдделер қақтығысы орын алмаған.

-округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2017 жылдың I жартыжылдығында 53 өтініш түсіп, мерзімінде өтініш иелеріне жауап берілген.

-ауылдық округі әкімі аппаратының «Сенім телефоны» туралы «Атырау» газетіне хабарлама жарияланды.

-ауылдық округ әкімі аппаратына ішкі талдау жүргізу кезеңінде жеке тұлғалардан-152, заңды тұлғалардан-20 арыз түсіп, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланған. Ішкі талдау жүргізілу мерзімінде шешімін таппаған, қаралмаған немесе мерзімі өткен фактілер болған жоқ.

«Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес 2017 жылдың I жартыжылдығында округ әкімі аппаратында 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы алуға құжат жинаған 3 отбасыға зерделеу актісі жасалды. Округ әкімі аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Кеңөзек ауылдық округінің әкімі С.Лұқпанов


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2017 01:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2017 01:04