Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің 2019 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің директорының 05.05.2019 жылғы №12 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды. Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің қызметін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Мектепке қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Мектепке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінде мұғалімдер саны: 105, қызметкерлер саны 46, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер саны– 0.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мектеп ұжымы қызметінде Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алып қарастырылды.

Мектебімізде 7 (жеті) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну;

2) Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

3) Мектеп алды даярлық және шағын топқа 3,4,5 жастағы балаларды қабылдау;

4) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру;

5) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

6) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;

7) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға модератор біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің уақытынан кешіктіріліп орындалғаны болған жоқ. 2019 жылдың қантар–тамыз айы аралығында 384 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат ай сайын білім бөліміне беріліп отырады.

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесіне келіп түскен өтініштер саны: 173 .Оның ішінде заңды тұлғадан – 0, жеке тұлғалардан - 173 өтініш келіп түсті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мектептің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.Білім бөліміне бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіледі.Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралыхаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі. Есептік кезеңде Мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 10:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 10:51

Қаралым саны: 134