Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.08.2020

Қызметтер

Қалалық құрылыс бөлімінің 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары

І.Кіріспе.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және бөлім басшысының 2019 жылғы 3 қазандағы №142 бұйрығына сәйкес, қалалық құрылыс бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Қалалық құрылыс бөлімі Атырау қалалық әкімдігіне қарасты бөлім болып табылады.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Атырау қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, М.Өтемісұлы көшесі, 72. электронды пошта: gor_stroy@atyrau.gov.kz., телефон номері: 8 (7122) 35-40-25.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2019 жыл бойынша.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1.Кадрлардың ауысуы;

Қала әкімінің 2018 жылғы 24 мамырдағы «Атырау қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы №1061 «Қалалық құрылыс бөлімінің құрылымын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №832 қаулысымен қалалық құрылыс бөлімінің құрылымы өзгертіліп, бөлімнің штат саны 18 бірлікті құрайды.

Кадрдың ауысуы: жұмысқа қабылданды-4 бірлік, конкурспен ауысу- 3 бірлік, өз еркімен жұмыстан босталығаг-3 бірлік.

Бөлімнің барлық қызметкерлеріне өтініштеріне сәйкес кезекті еңбек демалыстары берілді.

2.Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтің негізгі және әлеуметтік жағынан маңызды бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды:

1) 2019 жылдың тамыз айында бөлім басшысы А.Жалелов «Алтын көпір» телебағдарламасы сұрақ-жауап сұхбат берді.

2) 2019 жылғы қыркүйек айында «Ақ Жайық» газетіне су бұрқағы кезеңі туралы сұхбат берді.

3) 2019 жылғы қаңтар айында бөлім басшысының орынбасары Д.Жумашев «Caspian news» телебағдарламасына құрылыс қарқыны жөнінде телеарнаға сұхбат берді.

4) 2019 жылғы қаңтар айында бөлім басшысының орынбасары Д.Жумашев «Прикаспийская коммуна» газетіне Нұрсая мөлтек ауданында салынатын су бұрқағы туралы сұхбат берді.

5) 2019 жылғы қараша айында бөлім басшысының орынбасары Е.Дүйсенов «Адалдық алаңы» жобасына мектеп асханаларына салынған жапсаржай құрылыстары жөнінде сұхбат берді.

6) 2019 жылғы қараша айында жобалау-сметалық құжаттама секторының меңгерушісі Б.Мусакаев «Caspian news» телебағдарламасына Балықшы жылу мәселесі бойынша сұхбат берді.

3.Бюджет қаржысын игеру;

Бөлімге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.

4.Мемлекеттік сатып алу;

Бөлімнің негізгі қызметі қала аумағындағы бюджет қаржысына құрылыс нысандарын жүргізу мақсатында жүргізілетін мемлекеттік сатып алу жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталды.

1) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

3) бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;

Құрылыс бөлімінің барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, жауап беріліп, уақытылы ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына салыстыру актісі, қала әкімі аппаратына есеп тапсырылуда.

Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

2019 жылғы ақпан айында бөлімде ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы жасақталған төлемдер тізбесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді.

2019 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіменаудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізілді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы, сыбайлас жемқорлық тәуекел фактілері бар екендігін анықтап, құрылыс-монтаждық жұмыстары басталғаннан кейін, мердігер мекеме жыл барысында құрылысын жүргізіп жатырған нысан бойынша ай сайынғы орындалған жұмыс актілерін қалалық құрылыс бөліміне тапсырады. Актілерді тапсыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекел фактілері орын алуы мүмкін. Аталған фактілерді болдыртпау барысында қалалық құрылыс мекемесіне мердігер мекемесімен

жұмыстардың орындалысы бойынша құжаттарды тапсыруды бір терезе қағидасымен қабылдауға ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дөңгелек үстел немесе жиналыс өткізіп, проблемалық мәселелерді талқылау арқылы шешу жолдарын қарастыруды ұсынамыз.

 

Топ мүшелері:

Жумашев Дулат Куангалиевич

Дүйсенов Елдос Меңдігерейұлы

Мусакаев Батыржан Амангельдиевич

Капашев Ильяс Туремуратович

Сисенова Айзада Елубаевна

Келісілді:

Жалелов Айбек Байболатович


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2020 14:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2020 14:55

Қаралым саны: 274