Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне 2019 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша АНЫҚТАМА

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау ішкі талдау мерзімі: 10 қаңтар  2020 жыл.

Талдау жүргізілген кезең: 2019 жыл.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің 2019 жылғы 03 қаңтардағы №2 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. (бұдан ары – жұмыс тобы).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;

  3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

  4. Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау:

  5. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

Талданатын обьект туралы мәліметтер

«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз функциясын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ бөлімнің  Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы,

Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Егемен Қазақстан көшесі-12.

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

2019 жылғы бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталғаны:

01.01.2020 жылға бөлімнің штаттық саны-6 бірлік

Есепті мерзім бойынша Исатай ауданы әкімдігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 100 тармағына сәйкес бос жұмыс орындарына 2 адам жұмысқа қабылданды және 2 бас маман өз өтініштеріне сәйкес, 1 сектор меңгерушісі зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан босатылды.

Бөлім басшысының өзінің жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заңдылықтарға сәйкес аудан әкімдігі арқылы конкурс негізінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

 

Бөлім арқылы көрсетілетін қызметтер:  Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы. «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" № 165 бұйрығы;

Қазақстан   Республикасы   Ұлттық  экономика  министрінің  2015  жылғы  9  сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы негізінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер: «Е-акимат», «Е-Собес», «Әлеуметтік көмек», «Еңбек нарығы», «АХАТ ТП» базалары арқылы жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету келесідей негізде көрсетіледі: 1) көрсетілетін қызметті берушілер мен олардың ақпараттық жүйелері арқылы; 2) Мемлекеттік корпорация арқылы; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы.

Бөлім бойынша барлығы мемлекеттік қызметтің 30 түрі бойынша  мемлекеттік қызметтер көрсетілуі тиіс болса, іс жүзінде 26 түрі бойынша қызметтер көрсетілді.

2019 жылы 5745  мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді, оның ішінде: 335 қызмет көрсетілетін қызметті беруші арқылы, 2272 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы, 692 қызмет электрондық форматта, ақпараттық жүйелер арқылы 2446 қызмет көрсетілді.

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ.Исатай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімі тарапынан ішкі бақылау іс-шарасы жүргізілді. Ішкі бақылау барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

2019 жылы 21 жеке, 8 заңды тұлғадан өтініш түсіп, мезгілінде жауаптар берілді. Жеке тұлғалардан арыздар қағаз жүзінде және электрондық портал арқылы қабылданады және қызмет қорытындылары қағаз жүзінде және электрондық портал арқылы жауап беріледі.

4.Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау.

Бөлімде Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметші статусымен байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар қатаң сақталады. Талдауды жүргізу барысында Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзушылық анықталған жоқ. Бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалған жоқ.

Аудандық прокуратураның 2019 жылғы 04 сәуірдегі «Заң бұзушылықты жою» туралы Ұсынысына сәйкес «Мүгедектер қатарындағы кемтар  балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» Атырау облысы Исатай ауданы мәслихатының 19.11.2015 жылғы №284-V шешімімен үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналары мен өзге заңды өкілдеріне 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шығындарын аудару кезінде жіберген кемшіліктері үшін бөлімнің бухгалтарлік есеп және есептеу жөніндегі бас маманы Абилова Гульзада Умирбековнаға бөлім басшысының 16.04.2019 жылғы №35 бұйрығы негізінде «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылып, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және жаңа теріс қылық жасамағандығын ескере отырып, бөлім басшысының 11.07.2019 жылғы №65 бұйрығымен мерзімінен бұрын алынып тасталды.

Аудандық прокуратураның 04.06.2019 жылғы №2-0504-19-00368 «Заңды бұзушылықты жою» туралы Ұсынысына сәйкес  «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22 қаңтар 2015 жылғы №26 бұйрығымен бекітілген «Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына 60 сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметерін ұсыну қағидаларының» талаптарын сақтамағаны үшін бөлімнің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маманы Сайпеденова Альфия Темирбулатовнаға бөлім басшысының 16.07.2019 жылғы №70 бұйрығы негізінде «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылып, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және жаңа теріс қылық жасамағандығын ескере отырып, бөлім басшысының 16.10.2019 жылғы №115 бұйрығымен мерзімінен бұрын алынып тасталды.

Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 10.07.2019 жылғы №05-9/1260 хаты негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» талаптарын сақтамағаны үшін бухгалтерлік есеп және есептеу жөніндегі бас маманы Абилова Гульзада Умирбековнаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылып, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және жаңа теріс қылық жасаманғандығын ескере отырып,бөлім басшысының 23.10.2019 жылғы №117 бұйрығымен мерзімінен бұрын алынып тасталды.

Атырау облысы Әділет департаментінің 22.07.2019 жылғы №7-6-4909 «Заңның бұзылуын жою туралы» Ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі және оған қарасты өзге де заңнамалық актілер талаптарының сақталмағаны үшін бөлімнің азаматтық хал актілерін тіркеу (тіркеу туралы мәліметтерді жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу), туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру жөніндегі бас маманы Тулегенова Зухра Дауылбаевнаға бөлім басшысының 14.08.2019 жылғы №92 бұйрығымен «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.

5. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі талаптарын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жергілікті ақпарат құралы  «Нарын таңы» газетіне бөлім  қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық көріністері және Әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактілері туралы хабарларды қабылдау туралы «сенім телефоны» және бөлім басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлеріне қатысты сын мақалалар жарияланған жоқ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жүргізіліп жатырған жұмыстарды халық арасында насихаттау және түсініктер беру мақсатында жергілікті аудандық «Нары таңы» газетіне   2019 жылдың ақпан айында   2018 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары туралы», маусым айында «Жемқорлыққа жол бермеуге тиіспіз», «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттің қызметтердің көрсетілуі туралы» атты мақалалар жарияланды.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 14:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 14:56

Қаралым саны: 215