Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.06.2017

Қызметтер

Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына және Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешіміне сай және осы шешім негізінде құрылған жұмысшы тобымен қалалық сәулет және қалақұрылысы бөліміндегі (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен 14 штаттық орында 13 мемлекеттік, 7 келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметшілер еңбек жасайды, 1 бос орын бар. 1 қызметкер өз еркімен жұмыстан босап кадр ауысымы орын алған. Тәртіптік жауапкершілікке 8 қызметкер тартылған, сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алмаған;

2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - Бөліммен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 мемлекет қызмет түрінен барлығы 5206 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

Талдау нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нормативтік құқықтық актілермен көзделмеген құжаттарды сұрату немесе толық құжат болмау фактілері анықталған барлығы 19. Бұл фактілер қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімі тарапынан және прокурорлық тексеру кезінде анықталған.

4) Рұқсат беру функциясында – бүгінгі таңда Бөліммен нормативтік актілерде көзделмеген жеке тұрғын үй құрылысы жүзеге асрыу үшін рұқсат беру туралы негізсіз (заңсыз) шешім қабылдау тәжіриебесі анықталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 68 тармағына сай жеке тұрғын үй құрылысы ЖАО – ң сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің келісілген эскизге сәйкес жүргізіледі делінген.

5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша 6 факті орын алған.

Өтініштерге жауап беру кезінде бөлімге келу қажеттілігін жазу фактілері әліде орын алуда.

Бөлімнің жұмысына бұқаралық ақпарат құралдарында 2 жағымсыз ақпарат таратылған бұлар құжаттарды уақытылы рәсімдеу және азаматтарды қоғамдық қабылдауға қатысты болған (бөлім тарапынан бұл ақпаратты жоққа шығару бойынша шаралар алынбаған) бұның өзі сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдігіне жағдай туғызатын көзқарас қалыптасып отыр, яғни бақылау функциясын әлсірегендігін көрсетеді.

Бөлімде құрылыстардың эскиздік жобаларын келісуде сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызатын әрекеттер орын алуда. Атап айтқанда эскиздік жобаны келісуге жолданған өтінішке бөлімге жолығу қажеттілігі туралы жауап қайтарылады. Ал, Қазақстан Республикасы Ұлттық министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сай бұндай арыздар 15 жұмыс күн ішінде қаралып келісілуі немесе негізделген бас тартылуы қажет.

Сондай-ақ, жер учаскелеріне құқық табыстау туралы өтініштерді қарау кезінде бөлім тарапынан Заңмен немесе нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген сұратылып отырған жер учаскесінің жер үстіндегі және жер астындағы желілер мен құрылыстарды көрсететін 1*500 топографиялық картасы сұратылуда (ақылы қызмет түрі). Бұл құрылысқа рұқсат беру кезінде сұратылатын талап екендігі қаперге беріледі.

Сонымен бірге, Атырау қаласының егжейлі-тегжейлі жоспарына сәйкес, қаланың оң жақ бөлігінде орналасқан ескі үйлерді 2017-2030 жылдар аралығында кезең-кезеңімен бұзу жоспарланған деген негізбен 86 азаматқа бас тартылса, дәл осы аумақта орналасқан аумақтағы кейбір тұлғаларға рұқсат берілген.

Бұдан басқа, Бөлім тікелей басшылыққа алып жұмыс жасайтын ҚР нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін тудыратын мәселе анықталды.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 54 тармағында қалалық сәулет бөлімдері жергілікті атқарушы органның (ЖАО) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімін дайындап қанағаттандырылған жағдайда өтініш берушіге ЖАО шешімін ұсынуы тиіс. Ал, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы қаңтардағы №4 бұйрығының 3 қосымшасына сай өтініш беруші қолданыстағы ғимараттардың (жеке бөліктерін) реконструкциялау бойынша уәкілетте органға хабарлама берген кезде ЖАО-ң сәулет бөлімдерінің тиісті шешімі болуы қажет екендігі көрсетілген. Яғни бір жерде ЖАО-ң шешімі ал екінші жерде сәулет бөлімінің шешімі болуы қажет екендігі көрсетіліп қарама қайшылық орын алып отыр. Бүгінгі таңда реконструкциялау кезінде Бөлімнің шешімін қабылдап отыр.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

1. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алу, яғни нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген құжаттардан басқа құжат талап етпеу (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру фактілерін жою бойынша түбегейлі шара қолдану ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

3. Эскиздік жобаларын келісуде ҚР Ұлттық министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Қағида талаптарын қатаң сақтауға. Эскиздік жобаны келісуге жолданған өтінішке бөлімге жолығу қажеттілігі туралы жауап қайтару тәжірибесін түпкілікті жою (2016 жылдың 1 қазаны);

4. Жер учаскелеріне құқық табыстау туралы өтініштерді қарау кезінде жер учаскесінің жер үстіндегі және жер астындағы желілер мен құрылыстарды көрсететін 1*500 топографиялық картасы сұрату тәжіриебесін тоқтату (2016 жылдың 1 қазаны);

5. Қаланың оң жақ бөлігінде орналасқан үйлердің меншік иелерінің өтініштерін қарау кезінде заңдылықты сақтау (біркелкі тәжіриебе енгізу) (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

6. Бөлімнің жұмысына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз ақпараттарды үнемі бақылауда ұстап жоққа шығаратын немесе негізделген түрде жауап беру шараларын қолға алу (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 68 тармағына сай жеке тұрғын үй құрылыстарын рұқсат беру функциясын эскиздерді келісу арқылы жүргізуді қамтамасыз ету (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ) .

8. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 54 тармағын және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы қаңтардағы №4 бұйрығының 3 қосымшасына сәйкестендіріп, ғимараттардың (жеке бөліктерін) реконструкциялау бойынша ЖАО-ң сәулет бөлімдерінің тиісті шешімін қабылданады деген өзгеріс енгізу үшін уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс беру.

Топ мүшелері:

Нсанбаев Серік Бағытжанұлы

Жалмұханова Рабиға Тайжанқызы

Ермекова Клара Сиражқызы

Әділғалиев Арман Бағытжанұлы

Мұқанбетқалиева Айгүл Құбашқызы

 

КЕЛІСІЛДІ:

Мақашев Қуаныш Алтайұлы

 

Қалалық сәулет және қалақұрылысы
бөлімінің басшысы
Қ. Мақашевқа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына және Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешіміне сай және осы шешім негізінде құрылған жұмысшы тобымен қалалық сәулет және қалақұрылысы бөліміндегі (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Соған орай, қарауыңызға және кемшіліктерді жою шараларын қолдану үшін жасақталған талдамалық анықтаманы қосымшаға сәйкес ұсынады

Қосымша: парақта.

П. Хасанов


Мақаланың шыққан күні:: 21.12.2016 17:34
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.12.2016 17:34