Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

«Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің» 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қортындылары

Атырау қаласы 30.12.2019жыл

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің 2016 жылдың 19 қазандағы №12 бұйрығына және бөлім басшысының 2019 жылдың 18 қаңтардағы №138 бұйрығына сәйкес, қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі Атырау қалалық әкімдігіне қарасты бөлім болып табылады.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) персоналды басқару – 2019 жылдың бөлімде 13 штаттық орын, 4 орын бос бар, 11 келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметшілер еңбек жасайды. Тәртіптік жауапкершілікке 8 қызметкер тартылған, сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алмаған;

2) мүдделер қақтығысын реттеу – бұл бағытта орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету – бөліммен 2019 жылдың мемлекеттік қызметтің 6 түрінен барлығы 11784 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

4) бақылау функцияларын іске асыру бойынша 2019 жылдың бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша 3 факті орын алған. Аталған фактілер бойынша бөлімнің бас мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөлім тікелей басшылыққа алып жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріндегі қызметтерді көрсету бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін тудыратын мәселе анықталды.

Бөліммен атқарылатын қызметтің бірі жер учаскесін кеңейту бойынша: ҚР Жер кодескінің 44-1 бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның сәулет және қалақұрылысы бөлімі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қалақұрылысы құжаттарына сәйкес жеті

жұмыс күн ішінде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасынмен қоса дайындайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған ретте қағаз жеткізгіштерде жібереді.

Келісу органдары мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы қорытындыны 12 жұмыс күн ішінде

ұсынады. Алайда коммуналдық мекемелерде осы уақыт сақталмайды. «Атырау жарық» АҚ мекемесі тұрғындарды шақырып олардың мамандарын көлікпен апарып жер учаскесін көрсету керек. Олар өлшеп, фотоға түсіреді, ал тапсырыс беруші адам бармаса қағаздары жата береді немесе келісімді уақытында бермейді.

Жоғарыдағы көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында тиісті мемлекеттік органдар және коммуналдық мекемелермен (Атырау жарық, Атырау су арнасы т.б.) бірлесіп дөңгелек үстел немесе жиналыс өткізіп, проблемалық мәселерді талқылау арқылы шешу жолдарын қарастыруды ұсынамыз.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

1. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алу, яғни нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген құжаттардан басқа құжат талап етпеу (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру фактілерін жою бойынша түбегейлі шара қолдану ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

 

Топ мүшелері:

Байкадамов Ануар Бисенбаевич

Сағындық Қаламғалиұлы Хасан

Жален Айдар Мақсотұлы

Балгужин Габит Айткалиевич

КЕЛІСІЛДІ:

Кабдинов Ерлан Кайнютулаевич


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 15:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 15:59

Қаралым саны: 210