Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу бойынша анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Көздіғара ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы А.Ақбалашұлының 10.01.2020 жылғы №9 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6)ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

-Қызмет атқару барысында төмендегі нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- «Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 13 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 5 адам, техникалық қызметкерлер саны 7-адам.

- 2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында округке қатысты тексеріс барысында қызметкерлер арасында құқық бұзушылық нормалары анықталған жоқ. Ағымдағы жылдың он екі айында округ әкімі аппаратының жүргізушісі С.Турниязов өз арызына сәйкес жұмыстан босатылды. Н.Наурызбаев жүргізуші орнына қызметке қабылданды. Округ әкімі аппаратында жұмысқа қабылдау, заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде және аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдамамен жүзеге асырылады.

«Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру.

«Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

2019 жылғы қаңтар - желтоқсан айларында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Округтің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің атынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және 2-73-05 сенім телефоны орнатылған.

«Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.

Округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығы қамтамасыз етілген. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері заңға сәйкес жүргізіліп электрондық веб-порталда жариялануда. Сәйкесінше, барлық мемлекеттік сатып алулар бекітілген жоспарға сай жүзеге асырылады.

«Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында жалпы саны – 279 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

«Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында жеке тұлғалардан 59 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 36-сы оң шешілсе, 23-і заң шеңберінде түсіндірілді.

лік Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлкеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екендігін ескере отырып, «Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і, Жаңашаруа қазақ орта мектебі, МКҚК «Қызғалдақ» бөбекжай балалар-бақшасы және МҚКК «Самал» мәдениет үйі мекемесі www. adaldyk.kz тіркелді.

«Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталған.

«Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының басшысы, бас маман __________ С.М.Казиева

«____» _______________ 2020 жыл

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі, бас маман __________ Г.М.Мұхатаева

«____» _______________ 2020 жыл

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі, бас маман __________Б.Кабесов

«____» _______________ 2020 жыл

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі, кәсіби емес медиатор __________ Қ.Нұрсұлтан

«____» _______________ 2020 жыл

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі, кәсіби емес медиатор __________Ж.Ығылман

«____» _______________ 2020 жыл


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:48

Қаралым саны: 82