Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы

«БЕКІТЕМІН»

Аудандық жер қатынастары,

сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

________ Е.Нуралин

«____»______ 2019жыл

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штаттық құрылымы – 10.

Атап айтқанда басшысы, 3 бас маман, статист, мұрағатшы, әдіскер, басшының хатшысы, курерь, автокөлік жүргізуші.

Бөлім басшысының 2019 жылдың 12 айында 87 бұйрық шығарылып, 144 аудан әкімдігі қаулысының жобасы дайындалып әкімдіктің қарауына ұсынылып, қабылданды. Шығарылған бұйрықтар мен қабылданған қаулылар бойынша сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

Бөлімнің басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілері ҚР 20.06.2003 жылғы Жер Кодексі, 23.11.2015 жылғы Еңбек Кодексі, 23.01.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы, 06.04.2016 жылғы «Құқықтық актілер туралы» Заңдары, Қызылқоға ауданы әкімдігінің 02.03.2017 жылғы №39 «Қызылқоға ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі

жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. 2019 жылы бөлімге қатысты тексеріс болған жоқ.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жоспарға сай бөлім қызметкерлері арасында бір рет «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік» тақырыбында дөңгелек үстел түрінде жиын өткізілді. Бөлімде бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа түсіндіру мақсатында мекеменің көрнекілік тақтайшасына тиісті стандарттар мен регламенттер ілінген. «Жер учаскесі қандай жағдайда бөлінеді» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарында баспасөз бетіне мақалалар жарияланды.

Бөлімге 2019 жылдың қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш және аудан әкімдігі арқылы 40 өтініш түсіп, заңдылыққа сай жауаптары берілді.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша-2019 жылы 982 өтініш түсіп, 982 өтініш қанағаттандырылды.

1.Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту –372,

2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру–13,

3.Жылжымайтын мүлікті обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру–210,

4.Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру–216,

5.Эскиздік келісуден өткізу–162,

6.Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 19,

7.Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру–8 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Аудандық жер комиссиясы 14 рет өткізілді. Жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын сатып алу үшін сауда саттық (аукцион) 4 рет және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс 2 рет өткізілді. Жоғарыда аталған комиссия отырыстарының хаттамалары жасақталып, арнайы іс құжаттарында тігілген.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, бөлімнің бас маманы,

жұмыс тобының жетекшісі

___________ Ж.Әжіғалиева

«______» ________ 2019 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, бөлімнің

статисті, жұмыс тобының мүшесі

___________ С.Бағытжанов

«______» ________ 2019 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, бөлімнің

әдіскері, жұмыс тобының мүшесі

___________ А.Қуанов

«______» ________ 2019 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген, бөлімнің

мұрағатшысы, жұмыс тобының хатшысы

___________ Қ.Нұрланов

«______» ________ 2019 жыл


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:28

Қаралым саны: 90