Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама

«Бекітемін»

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

бөлімінің сектор меңгерушісі

__________Ә.Шаймарданов

«_____» _________________ 2020 жыл

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының 2020 жылдың 8 қазандағы №5 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша.

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау бағытында 2019 жылғы 27 қыркүйекте аудандық «Қызылқоға» газетінің №39(7139) санында мақала берілді.

Есепті кезеңде жеке тұлғалардан 1 ұсыныс түсіп, заң шеңберінде уақытылы жауабы берілді. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып отыр.

Есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері және сот актілері болдыратын жағдайлар орын алған жоқ.

Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің штаттық құрылымы 6 мемлекеттік қызметші, 4 қызметші келісім шарт негізінде жұмыс жасайды. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік, сектор меңгерушісі 1 бірлік, бас маман 4 бірлік, хатшы 1 бірлік, есепші 1 бірлік, автокөлік жүргізуші 1 бірлік, тазалықшы 1 бірлік.

Есептік кезеңінде, 2019 жылы 1 (бір) бас маман өз еркімен (29.05.2019 жылғы №90 бұйрық), 1 (бір) сектор меңгерушісі басқа қызметке ауысуына байланысты (07.10.2019 жылғы №141 бұйрық) жұмыстан босатылды. Сонымен қатар 2 (екі) бас маман қызметкер (18.07.2019 жылғы №114, 21.11.2019 №166 бұйрық) жұмысқа алынды. Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан тәртіптік шаралар болған жоқ.

Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде және Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдамамен жүзеге асырылады. 2019 жылы 1 (бір) қызметкер жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдамамен жұмысқа қабылданды. Бөлімде 2019 жылы 197 бұйрық қабылданған. Қабылданған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдары, Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы №39 «Қызылқоға ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ. «Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда. Сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.

Бөлім бойынша есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланған. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылған.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу

қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тәртіптік жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар орын алмады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 2019 жылы 312 өтініш түсіп, 311 өтініш қанағаттандырылды. 1 өтініш кері қайтарылды. Атап айтқанда:

1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру бойынша -54 қызмет;

2. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру бойынша – 98 қызмет;

3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу бойынша – 1 қызмет;

4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу бойынша -158 қызмет;

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімінен кешіктірілген құжаттар болған жоқ.

Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.

Жоғарыда айтылғандай, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

бөлімнің бас маманы ___________ М.Бисенгалиев «___» _______ 2020 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

бөлімнің бас маманы ___________ Қ.Айыпқалиев «___» _______ 2020 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

бөлімнің бас маманы ___________ Т.Орынғали «___» _______ 2020 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

бөлімнің бас маманы ___________ Р.Қайырғали «___» _______ 2020 жыл


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 13:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 13:50

Қаралым саны: 107