Array Өнеркәсіп туралы анықтама 2015 жыл | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Өнеркәсіп туралы анықтама 2015 жыл

2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 3413,9 млрд.теңгені құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 101%. 

Тау-кен өнеркәсiбiнде 3030,6 млрд.теңге сомасында өнiм өндiрiлді, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 100,8% .

Облыс бойынша 32,3 млн. тонна мұнай, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,3%, 15,2 млрд. текше м. ілеспе мұнай газы өндiрілді (102,7%).

Сонымен қатар, «Теңiзшевройл» ЖШС-гі  27,2 млн.тонна мұнай өндірді (101,8%), 14,9 млрд.текше метр ілеспе мұнай газын (105,7%) өндірді.

«Ембімұнайгаз» Акционерлік Қоғамында 2823,1 мың тонна мұнай (100%), 191 млн.текше метр ілеспе мұнай газын өндірді (101,5%).

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 331,1 млрд. теңге сомасын құрады немесе 2014 жылдың тиісті деңгейінен салыстырғанда 98,5% болды.

Сонымен қатар, «АМӨЗ» ЖШС-де 2015 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында 4867,7  мың тонна көлемінде мұнай өңдірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,9%-ды құрады. Мұнай өңдеу көлемінің төмендеуі, мұнай жеткізудің жетіспеушілігінен (20,5 мың.тонн мұнай). Пеш отын майы 163,3 мың тонна (99,9%), автобензин 605,1 мың тонна (98,8 %), ТС-1 отыны 21,1 мың тонна (95,9%), дизель отыны 1210,8  мың тонна (90,3%), отындық мазут 1632,9 мың тонна (107,4%) өндірді.

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция

2015 жылғы қаңтар - қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестиция 1455,9 млрд.теңгені, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  125,5% құрады. Соның ішінде сыртқы инвестициялар 847  млрд.теңгені құрады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:10