Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.06.2017

Қызметтер

Өнеркәсіп туралы анықтама 2014 жыл

Шағын және орта кәсіпкерлік

2014 жылғы 1 қыркүйекке тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны 30 078бірлікті құрады, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  2,5 %-ға азайған.

2014 жылдың 1 ақпанына шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 92,0  мың. адамды құрады, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  4,2%-ға көбейді.

2014 жылдың 1 ақпанына шағын және орта кәсіпкерлік саласында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 105,4млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішімен салыстырғанда 2,6%-ға көбейді (өсім үрдісі тұтыну баға индексінің есебімен).

2014 жылдың басынан Өңірлік үйлестіру кеңесімен несиенің пайыздық ставкасын субсидиялауға сомасы 8,8 млрд.теңге 37 жоба мақұлданды. Бұл бағдарламаға қатысу облыс кәсіпкерлеріне әр түрлі саладағы шағын және орта бизнестің жаңа  объектілерін ашуға мүмкіндік берді, 583 жаңа жұмыс орны құрылады.

Несиені ішінара кепілдендіру бойынша сомасы 240,5 млн.теңге 22 жоба мақұлданды.

 

Инвестицияны тарту бойынша ақпарат:

2013 жылдың негізгі көрсеткіштері

Атырау облысы көп жылдан бері республика бойынша шетелдік инвестицияны тарту аймағы болып саналады. 2013 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 1,038 трлн теңгені құраса, ал шетелдік инвестициялар 399,5 млрд тенгені құрады.

Тау кен өнеркәсібі инвестицияларды салу бойынша басым бағыт болып саналады, инвестиция көлемі 73,1% құрайтын (мұнай және табиғи газ өндірісі) болып табылады.

Инвестицияны тарту бойынша жүргізілген жұмыстар

Атырау облысы әкімдігі аймақтық инвестицияның климатын жақсарту бойынша және облыс экономикасына тікелей шетелдік инвестицияны тарту бойынша системалық жұмыс жүргізуде.

Атырау облысында инвестициялық климатты жақсарту және шетелдік инвесторлардың қызметіне қолайлы жағдайларды жасау мақсатында - «Атырау Innovations» жаңа ұйымы құрылған болатын. Ұйымның басты мақсаттарының бірі отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету үшін,    ақпаратты-аналитикалық және сервистік қолдау көрсету болып табылады. «Атырау Innovations» Қазақстан Республикасының заңнамасына және рәсімдеріне қатысты кез-келген сұрақтар бойынша және жобаның кез-келген сатысында да инвесторларға барынша көмек көрсетуге дайын. 

Бүгінгі күнде Атырау облысы әлемнің 50-ден аса елдерімен ынтымақтастықта. Облыста өкілдіктерді және филиалдарды қосқанда 900 жуық бірлескен және шетелдік кәсіпорындар құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.

Ағымдағы жылы аймақтың экономикасына инвестицияны тарту мақсатында, облыста іс-шаралар бірқатар жүргізілді, соның ішінде:

2014 жылғы 1-3 сәуір аралығында «ATYRAU INVEST-2014» атты ІІ Халықаралық  бизнес форумы өткізілді.

Бұл форум шеңберінде «Atyrau Oil & Gas 2014» 13-ші Солтүстік Каспий Аймақтық көрмесі және «Atyrau Build 2014» өткізілді. Көрме жұмысына 144 компания (қазақстандық – 80, шетелдік – 64) қатысты.

Форум шеңберінде барлық жалпы құны 19 млрд теңгеден асатын 15 меморандумға қол қойылды.

«ATYRAU INVEST-2014» ІІ Халықаралық  бизнес форумына Қазақстан аймақтарының өкілдері қатысты, соның ішіде Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Ақтөбе облыстары; Кеден одақ аймақтары: Беларусь Республикасының Гомель және Гроднен облыстары, Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясының Самара және Астрахань облыстары, сонымен қатар Украинаның, Германия Федеративтік Республикасының, Бельгияның, Италияның, Турцияның және т.б. елдердің компания өкілдері.

Сонымен қатар, Қазақстанның және Беларусияның Сауда-өнеркәсіп палаталарының қатысумен Қазақстан-Беларусия Іскерлік Кеңесінің ІІІ-ші Отырысы Форумның жалғасын тапты. Форум шеңберінде Атырау облысының сауда-өнеркәсіп палатасы және Гомельдің «БелТПП» бөлімінің арасында өзара ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды.

Сонымен бірге, форум шеңберінде «Эксперт – Западный Казахстан»  І аймақтық инвестициялық-экономикалық Форум өткізілді. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде Рейтинг агенттігі «Эксперт РА Казахстан» және ҚР ҰКП сөз сөйледі.

Гомель облысы атқарушы органының шақыртуы бойынша, ағымдағы жылғы16-17 мамыр аралығында «Весна в Гомеле» атты ХV халықаралық әмбебап жәрмеңке-көрмесіне және XI Гомель экономикалық форумына қатысу үшін, Беларусь Республикасы Гомель облысына Атырау облысы делегациясының сапары болды. Делегация мүшесіне облыс әкімдігінің өкілдері, Аймақтық кәсіпкерлер палатасы және ӨК «Амангельды» (қызмет түрі – балық саласы) кірді. Сапар шеңберінде Атырау облысының делегациялары Гомель облысының Светлогорск ауданында орналасқан тауарлы-сүт фермасына және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына барып қайтты.

2014 жылғы 19-24 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігі қалаларында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мүше-елдерінің жеке секторындағы 16-шы Форумына және аталған Форум шеңберінде өткізілген көрмеге облыс делегациясы қатысты. Іс-шарада аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері туралы презентациясын басқарма басшысы Л.Ж. Жұмағалиева  ұсынды.

Ағымдағы жылдың 20 мамырда облыс әкімдігінің қолдауымен «Ренессанс» қонақ үйінде мұнайгаз секторындағы британ компанияларының қатысуымен мұнай-газ секторында жабдықтау жүйесі бойынша Қазақстан-Британ  форумы өткізілді.

Сонымен қатар, өз компанияларының қызметтеріне тұсаукесер өткізу және әлеуетті серіктестерді іздеу мақсатында ағымдағы жылғы 19-20 маусымда облысқа Чех Орта Азиялық сауда палатасының Президенті Иржи Неставалдың бастауымен Чех Республикасының сауда миссиясының делегациясы келді. Чех компаниялары «ЭНБРА», «Fibertex Nonwowens» және «WOLF INVEST» аймақтың бизнес құрылымдарымен кездесіп, ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады.

2014 жылғы 20 маусымыда іс-сапар шеңберінде Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті елшісі Этьенн Франсистің бастауымен француз делегациясының облыс басшыларымен кездесуі өтті. Кездесу кезінде Атырау облысының Франция Республикасымен келешектегі ынтымақтастығы талқыланды. Сонымен бірге, іс-сапар шеңберінде Атырау қаласында Франция Республикасының консулдығының ресми ашылуы және Құрметті Консулды Ұлықтау болды.

Ағымдағы жылғы 22-24 маусым аралығында Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Али Мукадам ресми іс-сапармен келді. Облысқа сапар шеңберінде облыс әкімімен кездесуі өтті, сонымен бірге атырау облысының Пәкістанмен ынтымақтастығы туралы сұрақтары мен салалары талқыға салынды.

2014 жылғы 21-25 шілде аралығында Атырау облысының делегациясы Ресей Федерациясы Қалмақстан Респуликасына және Астрахань облысына ресми іс-сапармен барып келді. Делегацияны облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы бастады. Сонымен бірге, делагация мүшесіне «Атырау» ӘКК» ҰҚ»  АҚ, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, сондай-ақ кәсіпорындар кірді. Сапар шеңберінде Ресей Федерациясы аймақтары  басшыларының кездесуі өткізілді және одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сапар шеңберінде тәжірибемен алмасу үшін және жұмыс жасап тұрған кәсіпорындармен ынтымақтастық бойынша мәселелерді пысықтау үшін бірқатар агроөндіріс кешені нысандарына барды.

Сонымен бірге, Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының Х Форумының пленарлық отырысы кезінде, екі мемлекеттің Президенттері Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХІ Форумы Атырау қаласында өтетіні туралы шешім қабылдады.

Атырау облысында Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХІ  Форумын өткізілуі 2014 жылғы 29-30 қыркүйек аралығына жоспарланды. Кезекті Форумның тақырыбы: «Көмірсутектер саласындағы инновациялар» болып табылады.

Инновациялық белсенділіктің көрсеткіш деңгейі

2010 ж. – 3,7

2011 ж. – 6,6

2012 ж. – 4,8

2013 ж. – 5,1

Инновациялық өнімнің көлемі

2010 ж. – 126,1 млн.теңге

2011 ж. – 1828,1 млн.теңге

2012 ж. – 4772,2 млн.теңге

2013 ж. – 38078,2 млн.теңге

Ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарға жұмсалған ішкі шығындар

2010 ж. – 2 199,3  млн.теңге

2011 ж. – 3 010,9  млн.теңге

2012 ж. – 3 531,0  млн.теңге

2013 ж. – 1 880,0  млн.теңге

Өңдеуші өнеркәсіптердің инновациялық белсенділіктерінің көрсеткіші

Кәсіпорындар саны, барлығы – 56

Инновация барлары 10

Инновация саласындағы белсенділік деңгейі, пайызбен – 11,9 % 

Облыстар бойынша өндірілген және өткізілген инновациялық өнімдердің көлемі (млн.теңге)

 

Өндірілген инновациялық өнім көлемі, барлығы - 38 078,2

Өткізілген инновациялық өнім көлемі, барлығы - 37 914,4

Өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған шығындар

Шығыстар, барлығы– 25 895,7 млн.теңге

Өнімдік инновацияларға: 18 660,5 млн.теңге

Үдерістік инновацияларға: 7 235,2 млн.теңге

Өнімдік және үдерістік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі көрсеткіші

Кәсіпорындар саны, барлығы – 798 соның ішінде инновация барлары (бірлік) 40;

Инновация саласындағы белсенділік деңгейі, пайызбен % - 5,0 %;

Қаржыландыру көздері бойынша өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған шығындар

Барлығы: 25 895,7 млн.теңге

Кәсіпорындардың меншікті қаражаттары: 23 199,6 млн.теңге

Республикалық бюджет: 445,6 млн.теңге

Инновациялық гранттар: 12,0 млн.теңге

Жергілікті бюджет: 31,1 млн.теңге

Өнеркәсіп

2013 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағамен4 614,2млрд.теңгені құрады, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі – 108,8 %.

Тау-кен өнеркәсібінде өнеркәсіп өнімі 4 245,2 млрд.теңге көлемінде өндірілді, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 109,3%.

Облыс бойынша32,2млн. тонна мұнай немесе 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,1 %, 14,8 млрд. текше м. ілеспе мұнай газы  (114,7%) өндiрілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 322,4млрд. теңге сомасын құрады, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі – 104,2%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция

2013 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 1 038,4 млрд.теңгені, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,3% құрады, соның ішінде шетел инвестициялары 605,7 млрд.теңге.

Өнеркәсіп

2014 жылдың қаңтар-маусым айларындаөнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен  2 570,1  млрд.теңгені құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 97,5%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде  2 392,3 млрд.теңге сомасында өнiм өндiрiлді, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 97,3 % .

Облыс бойынша15,6 млн. тонна мұнай, немесе 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,2 %, 7 145,9 млн. текше м. ілеспе мұнай газы           (96,0 %) өндiрілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 152,8 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 100,4 % болды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция

2014 жылы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар 484,1 млрд.теңгені, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  96,9% құрады, соның ішінде сыртқы инвестициялар 266,1 млрд.теңге болды.

Жергілікті қамтуды дамыту туралы ақпарат

Жүйе құраушы кәсіпорындарда, жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттік органдарда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті үлесті дамыту бойынша Атырау облысы әкімдігімен белсенді жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алу аясында қаңтар-маусым 2014 жылы веб-портал арқылы жалпы сомасы 11205,2 млн.теңгеге  келісім-шартқа қол қойылды, оның ішінде жергілікті қамту 68,7%-ды, одан - тауарлар бойынша 59,2%, жұмыстар – 69,2% және қызметтер – 91,6%-ды  құрады.

Ұлттық компаниялар

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым 2014 жылы «Самұрық – Қазына ҰӘҚ» АҚ-ң компаниясының топтары Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 119,9 млрд. теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойылды. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтудың жалпы үлесі 36,7%-ды құрады.

Жерқойнауын пайдаланушылар

Сонымен қатар, облыстың аумағында ТШО және NCOC сияқты ірі жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар жұмыс істейді және Мұнай және газ министрлігіне есеп береді.

ҚР Мұнай және газ министрлігінің жер қойнауын пайдаланушылардың келісім шарт департаментінің мәліметтері бойынша:

NCOC: тауарлар-9,42%, жұмыстар-60,98%, қызметтер -50,81%.

(Өткен жылғы аналогты кезеңімен салыстырғанда қазақстандық қамту тауарлар -5,38%-ға, жұмыстар -38,69%-ға өскен және қызметтер бойынша 2,79%-ға төмендеген).

ТШО: тауарлар-4,98%, жұмыстар-45,11%, қызметтер -80,35% (өткен жылғы аналогты кезеңімен салыстырғанда тауарларды сатып алу 0,32%-ға,  жұмыс 8,78%-ға өскен, жергілікті қамтудың қызметтерді сатып алуда 2,44 %-ға, өскен).


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:12
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:12