Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

2016 жылдың қаңтар-мамыр айларына өнеркәсіп туралы анықтама

2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 1715,9 млрд.теңге болды, өндiрiлген өнiмнiң тиісті кезеңмен салыстырғандағы нақты көлем индексi – 101 %.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 1514,5 млрд.теңге сомасында өнiм өндiрiлді, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 102,0% .

Қаңтар - мамыр айларында 14,25 млн. тонна мұнай, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1%, 6,7 млрд. текше м. ілеспе мұнай газы (100,7%) өндiрілді.

Сонымен қатар, «Теңiзшевройл» ЖШС-гі 12,1 млн. тонна мұнай өндірді немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1%, ілеспе мұнай газы – 6,6 млрд. текше метр (101,5%).

«Ембімұнайгаз» АҚ-да мың 1,2 млн. тонна мұнай (102,8%), 79,1 млн.текше метр ілеспе мұнай газын (102,6%) өндірді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 177,4 млрд. теңге сомасын құрады, НКИ – 90,6%.

Өңдеу өнеркәсібінің төмендеуі «АМӨЗ» ЖШС-нің мұнай өңдіру көлемінің төмендеуіне байланысты.

***(Мұнай өңдіру көлемі 1667,5 мың тонна 87,4%, және де жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан 251,6 мың тонна мұнай жетіспеуде.

Мұнай жетіспеушілігі: «Жайыкмұнай» ЖШС, «Емир Ойл» ЖШС, «Казмұнайтеңіз» ЖШС, «Матен Петролеум» АҚ және «Самек Интернешнл» ЖШС-нің тарапынан болды.)

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция

2016 жылы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестиция 739,7 млрд.теңгені, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 162,2 % құрады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2016 17:39