Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

2018 жылғы қаңтар-маусым айларында «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалы анықтама

Миялы ауылы 20 маусым 2018 жыл

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің (бұдан әрі-аудан әкімінің аппараты) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 (бұдан әрі- №12 Бұйрық) бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Аталған №12 Бұйрыққа сай, аудан әкімінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №241 бұйрығымен келесі құрамда жұмыс тобы құрылды. Топ жетекшісі А.Жанқуатов, топ мүшелері: А.Шопанова, Д.Нығметов, А.Жақсиев, Қ.Қазыбеков (бұйрық көшірмесі қосымша ұсынылған).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы №12 Бұйрығының 8 тармағына сәйкес, бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырды:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 2018 жылғы 19-20 маусым аралығында жүзеге асырылды. Аудан әкімі аппараты қызметінің 2018 жылғы 4 қаңтар-20 маусым айларында талданатын кезең болып табылды.

1.Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты аудан әкімдігінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №193 қаулысымен құрылды.

1. Тексерілетін субъектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, аппарат басшысы Жанқуатов Асылбек Жолдасұлы.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

2. «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 39 бірлікті құрайды. Атап айтқанда аудан әкімі - 1, аудан әкімінің орынбасары - 3, Аппарат басшысы – 1, бөлім басшысы – 4, бас инспектор – 2, бас мамандар – 7 адам, техникалық қызметкерлер саны 21- адам жұмыс жасайды.

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды.

2. «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) Аудан әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау, аудан әкімінің тұрғындарды қабылдауын ұйымдастыру;

4) «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау жасау;

7) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер мен заңдарды және Кодекстерді қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 «Еңбек кодексі»;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы «Әдеп кодексі»;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

4. «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

5. «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер бойынша ағымдағы жылдың 6 айында аудан әкімдігімен 390 нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде 131 қаулы, 17 шешім және 242 өкім қабылданды.

Облыс әкімі аппаратынан келген 27 қаулы, 2 шешім, 6 өкім тіркеліп, бұрыштама арқылы тиісті органдарға жіберілді.

Аудан әкімдігінің 31 наурыздағы №88 «Қызылқоға ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысы қабылданып, аталған қаулы 8 сәуір 2015 жылы мемлекеттік тіркеуден өткен. Мемлекеттік тіркеу нөмері №3151. Атырау облыстық Әділет департаментінің 2018 жылғы 21 қаңтардағы №4-4-599 ұсынысына сәйкес, аталған нормативтік құқықтық актіні сәйкестендіру жөнінде ұсыныс түсіп, жемқорлық тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

11. «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан әкімі аппаратымен 2018 жылдың I-ші жартыжылдығы бойынша 2 комиссия отырысы, 9 «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы, 5 «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы, 6 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны, 3 «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» жобалар байқаулары, 5 театрлық қойылым, 34 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырмажылдық қалыптасуы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары, 13 «Адал ұрпақ» еріктілер клубының театрлық қойылымдары, 1 жастар арасында флешмоб, 13 сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрме, 25 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік сұхбат, 78 мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүргізілген сауалнамасы, 1 дебаттық турнир, 6 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырмажылдық қалыптасуы» тақырыбындағы эссе конкурс, 1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсірілген вайн, 2 бейнеролик, 2 мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спартакиада, жергілікті атқарушы органның ресми сайтында 1 «Арнайы тарау» айдары, 17 дөңгелек үстелдер мен семинар-тренингтер, 2 арнайы мониторингтік топтың отырысы, 35 «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында акция өткізілді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, «Аудан әкімінің аппараты» ММ-і сыбайлас жемқорлыққа қарсы www. adaldyk.kz сайтында тіркелген.

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталып, ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар аудандық «Қызылқоға» газетінде жариялануда. Ағымдағы жыл ішінде 24 мақала, 11 әлеуметтік желілерге мақалалар, 3199 жадынама, 20 баннер орнатылды.

15. «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 6 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 123 өтініш түскен. Оның ішінде: жеке тұлғалардан - 113, заңды тұлғалардан – 10 арыз. 123 өтініштің 9-ы оң шешіліп, 114-і заң шеңберінде жауаптар берілген.

Өтініштер мазмұны бойынша тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық бойынша- 25, білім және оқу ақысын төлеу - 10, әлеуметтік және жұмыспен қамту - 28, жер және жерді пайдалану - 11, қаржылай көмек - 12, өзге де мәселелер бойынша- 37 өтініш түскен.

Қызылқоға аудандық әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 78.

Оның ішінде:

ХҚКО арқылы -31 ;

ЖАО арқылы – 26;

Баламалы қызмет арқылы – 9:

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 12.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі: 1-қызмет

Аудандық жер қатынастары бөлімі: 6-қызмет

Аудандық білім бөлімі: 29-қызмет

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі: 7-қызмет

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі: 4-қызмет

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі: 26-қызмет

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі: 1-қызмет

Аудандық ветеринария бөлімі: 3-қызмет

Аудандық қаржы және экономика бөлімі: 1-қызмет

Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты басшысының 21.12.2017 жылғы №270 бұйрығына сай, ішкі бақылау жоспарға сай жүргізілуде және аудандық әкімдікке қарасты мемлекеттік органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан әрі – БАҚ) материал жариялаудың Медиа Жоспары аудан әкімінің қолымен жылдың басында бекітіліп, аптасына 1-рет БАҚ-қа жариялануда.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында және халықты ақпараттандыру үшін аудандық «Қызылқоға» газетінде 16 мақала жарияланып, 22 семинар-кеңестер, 1 жәрмеңке өткізілді. 10 мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Барлық ауылдық округтерде тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Е-gov веб-порталы арқылы алуға консультациялық көмек көрсету мақсатында әр округке 1 маманнан жұмысқа алынып жұмыс жасауда. Қазіргі таңда ЭСҚ алған тұрғындар-989; ЭҮП-1427 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

2018 жылдың 5 айында көрсетілген мемлекеттік

Қызметтердің мәліметі

1 Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы, олардың ішінде: саны

1.1 көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2661

1.2 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны (баламалы қызмет) 3043

1.3 мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 516

1.4 Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 1731

Барлығы 7951

Бақылауда тұрған тапсырмалар, облыс әкімінің қаулыларының орындалысы, аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістер, есеп беру кезінде берілген тапсырмалардың орындалысы:

2018 жылы аудан әкімінің төрағалығымен 9 мәжіліс өткізіліп, онда 107 тапсырма берілді. Тапсырмалардың орындалысына сай, кезең-кезеңімен бақылаудан түсіріледі. 2018 жылы облыс әкімдігінің 4 қаулысы бақылауға алынып жұмыстар ұйымдастырылуда.

Аудан әкімі және ауылдық округ әкімдерінің «2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы атқарылатын міндеттері туралы» есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс-пікірлерді жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді. Есеп беру кезінде айтылған 10 ұсыныс-пікірдің орындалысы тоқсан сайын аудандық «Қызылқоға» газетіне жариялануда.

«Атырау облысының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебін талқылау

қорытындылары бойынша қала, аудандар әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде тұрғындардан түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» Қызылқоға ауданы бойынша 2 тапсырма беріліп, орындалысы облысқа уақытында берілуде.

Қызылқоға ауданында облыс әкімі Н.А. Ноғаевтың төрағалығымен өткен көшпелі жиналыста берілген тапсырма саны-25.

Сайлау және наградалар бойынша:

Қызылқоға ауданы бойынша 1 аумақтық сайлау комиссиясы, 2 облыстық округтік облыстық сайлау комиссиясы, 12 округтік сайлау комиссиясы және 22 учаскелік сайлау комиссиялары бар.

02.03.2018 жылы Сағыз ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша жұмыстар атқарылды.

Аудан бойынша еңбегі сіңген және ерекше белсенділік танытқан адамдарды анықтау жөніндегі комиссиясы 2014 жылғы 14 ақпанынан аудан әкімінің №30 өкімімен құрылды. 2018 жылдың 6 айында 5 рет комиссия отырысы ұйымдастырылды.

Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты бойынша барлық мемлекеттік қызметшілердің саны -18, нақты саны -17, бос орын-1. Оның ішінде «А» корпусы (аудан әкімі)- 1 бірлік, «Б» корпусы – 16 бірлік.

Жыл басынан бері аудан әкімі аппаратындағы бос лауазымдарды кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында 2 лауазымға ішкі конкурс, 1 лауазымға 2 рет жалпы конкурс өткізіліп, конкурс қорытындысы бойынша 3 мемлекеттік қызметші тағайындалды.

Бос лауазымдар негізінен аудан әкімі аппаратының басшысы аттестация қорытындысымен жоғарғы лауазым аудан әкімінің орынбасары лауазымына және аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы ішкі конкурс арқылы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалуларына, 1 лауазым аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманының бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс күндерінде болуына байланысты пайда болған. Қазіргі уақытта аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы өз еркімен жұмыстан босатылғандықтан аталған лауазым бос.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшiлерiн көтермелеу мақсатында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әйел азаматшаларға 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай ер азаматтарға сыйлықақы беру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беріліп, үнемделген қаржы есебінен ұсыныс толықтай қанағаттандырылды.

Өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағандары үшін аудан әкімі орынбасары мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің бас маманына тәртіптік жаза қолданылды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалынан мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсынан - 2,

мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілерді қайта даярлау курсынан – 1, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясынан - 1, Атырау облысы бойынша филиалынан 3 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру семинарынан өтті.

Кіріс және шығыс хат-хабарлары бойынша

Аудан әкімдігінде қызметтік іс жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №168 қаулысымен бекітілген Кеңседе іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

Кіріс және шығыс хат-хабарлары бойынша 2018 жылдың 6 айында аудан әкімі аппаратына 3811 құжат кірістеліп, 1798 құжат жіберілді.

Соның ішінде, Облыс әкімі аппаратынан 867 хат кірістеліп, 186 хат жіберілді, облыстық басқармалардан 981 хат кірістеліп, 434 хат жіберілді, құқықтық құрылымдардан, сот органдарынан 93 хат кірістеліп, 67 хат жіберілді, облыстық департамент, комитеттерден 281 хат кірістеліп, 222 хат жіберілді, басқа мекемелерден 276 хат кірістеліп, 292 хат жіберілді. Облыстық мәслихаттардан 8 хат кірістеліп, 4 хат жіберілді. Басқа аудандардан 5 хат кірістеліп, 0 хат жіберілді. Ішкі құжат айналымы бойынша 2112 құжат қабылданып, 805 құжат жіберілді.

Нормативтік –құқықтық актілер бойынша

2018 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша аудан әкімдігімен 390 нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде 131 қаулы, 17 шешім және 242 өкім қабылданды.

Облыс әкімі аппаратынан келген 27 қаулы, 2 шешім, 6 өкім тіркеліп, бұрыштама арқылы тиісті органдарға жіберілді.


Мақаланың шыққан күні: 20.07.2018 02:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.07.2018 02:13

Қаралым саны: 1294