Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Жаңашаруа қазақ орта мектебінің 2019 жылғы қантар – желтоқсан аралығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің 05.09.2019 жылғы №347 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды. Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Мектепке қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Мектепке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Жаңашаруа қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №222 қаулысымен алынған 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №33-1915-06-ММ Ереженің негізінде жұмыс атқарды.

Жаңашаруа қазақ орта мектебінде жалпы қызметкерлер саны – 119, оның ішінде мұғалімдер саны: 72, техникалық қызметкерлер саны – 47.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алып қарастырылды.

Мектепте төмендегідей түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың жай-күйін зерделеу;

2) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды мектепке және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

3) Міндетті оқу қорының жұмысын саралау;

4) Мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну;

5) Мектептегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

6) Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу;

7) Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету;

8) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, онлайн-автоматизация арқылы мектепке құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

9) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;

10) Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау;

11) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

12) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;

13) «Қамқоршылық» кеңесінің атқарған жұмыстары. Сонымен қатар 2019 жылы мектеп жанынан ашылған «Игілік» қайырымдылық қорының жұмыстарын саралау;

14) «Мектепке жол», Қайырымдылық акцияларының жүзеге асырылуы, орындалысы;

15) Мектепішілік мәдени-танымдық шаралардың орындалысы, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатыс рейтингісі;

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің уақытынан кешіктіріліп орындалғаны болған жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат уақытында аудандық білім бөліміне беріліп отырады.

«Жаңашаруа қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне келіп түскен өтініштер жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мектептің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ. Білім бөліміне бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіледі. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі. Есептік кезеңде Жаңашаруа қазақ орта мектебі қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Жаңашаруа қазақ орта мектебі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:51

Қаралым саны: 81