Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

«Қызылқоға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

«БЕКІТЕМІН»

Аудандық дене шынықтыру

және спорт бөлімінің басшысы

____________А.Ақтаев

«____» ___________ 2018 жыл

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бөлім басшысының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 95 бұйрығымен құрылған жұмысшы тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Есеп бөліміндегі іс- қағаздардың тіркелуі.

6)Кіріс-шығыс құжаттарының тіркелуі және мерзімі бар құжаттардың уақытында орындалуы.

Бөлім қызметін Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 222 «Қызылқоға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жұмыс атқарады.

«Қызылқоға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 8 бірлікті құрайды. Атап айтқанда бөлім басшысы -1, бас маман – 1 адам, техникалық қызметкерлер саны 6 -адам.

«Қызылқоға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. Аудан әкімінің 20.07.2018 жылғы №294 өкімімен А.Ақтаев дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бөлім басшысының 04.09.2018 жылғы №79 өкімімен А.Аязбайқызы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228- V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы;

Жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы:

Бөлімге келген және бөлімнен кеткен іс-қағаздарды тіркеу барысында біт қатар ттүзетулер анықталды. Мерзімі бар құжаттардың картатекасы жасақталмаған.

Бөлімде 2018 жылдың қорытындысы бойынша мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №139 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,

бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.

2018 жылдың қорытындысы бойынша бөлімде жалпы саны – 1 мемлекеттік қызметттер көрсетті, көрсетілген мемлекеттік қызметтерден уақытынан кешіктірілгендері жоқ.

Бөлімге жеке тұлғалардан 2018 жылдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-16-17 сенім телефоны орнатылған.

Бөлімнің жұмысын жариялау мақсатында спорттық-бұқаралық шаралар туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарына кешігіп жарияланады.

Жүргізілген ішкіталдаудың қорытындысы бойынша орын алған кемшіліктерді 2018 жылдың желтоқсан айына дейін түзету бөлімнің хатшысы Жансұлу Зимановаға және әдіскер Шыңғыс Серікұлына ауызша ескертулер берілді.

 

 

Бөлім басшысы: А.Ақтаев

 

Бөлімнің бас маманының м.а.: А.Аязбайқызы

 

Бөлімнің әдіскер: Ш.Серікұлы

 

Балалар-жасөспірімдер спорт

мектебінің директоры: Б.Меңдіғалиев

 

Миялы спорт кешенінің меңгерушісі: А.Таласбаев


Мақаланың шыққан күні: 29.11.2018 09:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.11.2018 09:56

Қаралым саны: 706