Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

Ойыл ауылдық округі әкімінің аппаратындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі - Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Ойыл ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 4–өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Жұмыс тобының басшысы:

А.Дәрібаев - бас маманның міндетін атқарушы;

Жұмыс тобының мүшелері:

М.Борангалиев - бас маман;

М.Айжарықов – ардагерлер кеңесінің төрағасы;

4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны - 6; Олар: 6 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі және 5 бас маман) мен 15 келісім-шарт негізінде қызметкер (іс-жүргізуші, тазалықшы, автокөлік жүргізушісі, қарауылшықтар) барлығы 21 қызметкер жұмыс істейді. Ведомстволық бағыныстағы мекемелерде барлығы 41 қызметкер жұмыс істейді.

«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

-09.01.2019 жылы округ әкімінің № 04 өкімімен Мадияров Нурхат Жайшыбаевичты келісім-шарт негізінде уақытша күзетші етіп қабылдады.

-31.01.2019 жылы округ әкімінің №13өкімімен Кемел Әлібек Кемелұлы ветеринария мамандығы бойынша жастар тәжірибесімен жұмысқа қабылдады.

- 01.04.2019 жылы округ әкімінің №45 өкімімен Бисенбай Орынбасар шаруашылық меңгерушісі болып қабылданды

- 15.04.2019 жылы округ әкімінің №57 өкімімен Қарасартов Манарбек пен Қозбақов Жарас маусымдық от жағу жұмысынан босатылды.

- 30.04.2019 жылы округ әкімінің №68 өкімімен Арыстанғалиев Бисенбай зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылды.

- 02.05.2019 жылы округ әкімінің №70 өкімімен Мадияров Нурхат Жайшыбаевичты келісім-шарт негізінде тұрақты күзетші етіп қабылдады.

- 14.05.2019 жылы округ әкімінің №77 өкімімен Шуйншалиев Досбайды келісім-шарт негізінде уақытша күзетші етіп қабылдады.

- 18.07.2019 жылы округ әкімінің №108 өкімімен Шалқыма мәдениет үйінің директоры Бисенбаев Кенжебек өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

- 20.08.2019 жылы округ әкімінің №137 өкімімен шаруашылық меңгерушісі Мұрынов Ғалымжан өз арызы бойынша жұмыстан босатылды

- 21.08.2019 жылы округ әкімінің №140 өкімімен Құлбаева Гүлжамал шаруашылық меңгерушісі болып жұмысқа қабылданды.

- 17.10.2019 жылы округ әкімінің №170 өкімімен Ерғалиев Оналдық пен Қарасартов Ерлан келісім-шарт негізінде маусымдық жұмысқа қабылданды.

- 23.10.2019 жылы округ әкімінің №173 өкімімен спорт нұсқаушысы Саматов Айбат өз арызы бойынша жұмыстан босатылды

- 11.11.2019 жылы округ әкімінің №184 өкімімен бас маман Ақбалашұлы Абат өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

- 09.12.2019 жылы округ әкімінің №195 өкімімен Қабидоллин Темірболат спорт нұсқаушысы болып жұмысқа қабылданды.

«Өрімтал» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінде штат саны – 30,7 бірлікті құрайды. Атап айтқанда

меңгеруші - 1, әдіскер - 0.5, психолог- 0.5, тәрбиешілер –10 адам, саз жетекшісі – 0,5, көмекші тәрбиеші - 4,2 штат, оператор -1штат, есепші-0,5, шаруашылық меңгерушісі-0,5, тазалықшы-1 штат, бас аспаз-1 штат, көмекші аспаз-0,5, жұмысшы-0,5, ғимарат жөндеуші-1штат, медбибі-0,5, кір үтіктеуші-0,5, кір жуушы- 1, қарауылшық-3, от жағушы -3 барлығы 32 адам жұмыс жасайды.

-03.01.2019 жылғы №1 бұйрығымен жастар тәжірбиесі негізінде 6 ай мерзімге көмекші аспаз қызметін атқарып келген Сисенбаева Назира жұмыстан босатылды.

-01.02.2019 жылғы №10 бұйрығымен жастар тәжірбиесі негізінде 6 ай мерзімге Темірбек Айнагүл жұмысқа қабылданды.

-01.03.2019 жылғы №19 бұйрығымен Нурсапина Злиха уақытша тәрбиеші болып жұмысқа қабылданды.

-16.04.2019 жылғы №30 бұйрығымен Жалниязова Майра шаруашылық меңгерушісі болып жұмысқа қабылданды.

-16.04.2019 жылғы №27 бұйрығымен маусымдық от жағушылар Бисенғалиев Тұрлан мен Нұржанов Болат жұмыстан босатылды

-01.06.2019 жылғы №40 бұйрығымен Нурсапина Злиха жұмыстан босатылды.

-01.07.2019 жылғы №45 бұйрығымен жастар тәжірбиесі негізінде 6 ай мерзімге Жұмабай Ұлжан жұмысқа қабылданды.

-01.08.2019 жылғы №53 бұйрығымен Темірбек Айнагүл жұмыстан босатылды.

-01.10.2019 жылғы №69 бұйрығымен Жұмабай Ұлжан өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

-17.10.2019 жылғы №73 бұйрығымен Жаймагамбетов Дулат пен Нұрбосынов Берік маусымдық жұмысқа қабылданды

МҚКК «Шалқыма» мәдениет үйі мекемесіндегі штат саны 9. Атап айтқанда мекеме директоры - бос орын, әдіскер -1 адам, көркемдік жетекші-1 адам, 7 техникалық қызметкер, 1-есепші, қызмет етеді.

«Шалқыма» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде қызметкерлердің ауысуы орын алды.

18.07.2019 жылы округ әкімінің №108 өкімімен Шалқыма мәдениет үйінің директоры Бисенбаев Кенжебек өз арызы бойынша жұмыстан босатылды.

2019 жылдың есепті мерзімі бойынша округ әкімінен барлығы 205 өкім және 51 шешім шығарылған.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.

Округ әкімі аппаратының дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары орнатылды.

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.

Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Округ әкімі аппаратының негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 86 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

«Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 12 айы бойынша жеке тұлғалардан 53 арыз түсіп, оның ішінде 30 -ы оң шешілсе, 23-не заң шеңберінде түсіндірілген.

5. Қорытынды:

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Жұмыс тобының басшысы, бас маманның

міндетін атқарушы: А.Дәрібаев

Бас маман: М.Борангалиев Ардагерлер кеңесінің

төрағасы: М.Айжарықов


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020 18:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 18:18

Қаралым саны: 191