Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық Кәсіпорны «Самал» мәдениет үйінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны «Самал» мәдениет үйі директорының 13.01.2020 жылғы №06 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Самал» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнында штат саны – 14 бірлікті құрайды. Атап айтқанда директор -1, әдіскер-1, көркемдік жетекші-2, режиссер-2, ауылдық клуб меңгерушісі-2 есепші-1, сантехник-1, тазалықшы-1, қарауыл-3 адам.

«Самал» мәдениет үйінде жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.

МҚКК «Самал» мәдениет үйі мекемесінің міндеттеріне

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) мәдениет үйі мекемесінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Самал» мәдениет үйі мекемесінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мәдени қызметтерді көрсету;

6) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

«Самал» мәдениет үйі мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

«Самал» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

«Самал» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың 12 айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

«Самал» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мәдени қызметшілерден шағым түскен жоқ.

«Самал» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша жалпы саны – 138 мәдени қызмет көрсетілді.

еҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екендігін ескере отырып, МҚКК «Самал» мәдениет үйі мекемесі www. adaldyk.kz тіркелді.

«Самал» мәдениет үйі мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталған.

 

МҚКК «Самал» мәдениет үйі әдіскері __________ М.Умарова

«____» _______________ 2020жыл

Қосқұлақ ауылдық клубы меңгерушісі __________ Г.Қамза

«____» _______________ 2020жыл

Бүйрек ауылдық клубы меңгерушісі __________ А.Қуанова

«____» _______________ 2020жыл

 

Халық театры режиссеры_________ Е.Измуханов

«____» _______________ 2020 жыл

Көркемдік жетекші __________ Қ.Үктібай

«____» _______________ 2020 жыл

Халықтық отбасылық ұжым режиссеры __________ Қ.Қарабалина

«____» _______________ 2020 жыл

 

Халықтық отбасылық ұжым көркемдік жетекшісі ______Д.Жәкенов

«____» _______________ 2020 жыл

 

«Самал» мәдениет үйі есепшісі ___________ А. Әбішева

«____» _______________ 2020 жыл


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:47

Қаралым саны: 78