Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

МКҚК «Қызғалдақ» бөбекжай балалар бақшасы мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы, 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Қызғалдақ» бөбекжай балалар бақшасының меңгерушісі Б.Хайруллинаның 10 қаңтар 2020 жылғы №5 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1. Балабақшаның қызметіне байланысты нормативтік құқықтық құжаттар:

2. Мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері:

3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар

4. Жеке тұлғалардың өтініштері

ҚР Заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ақпарат көздері болып табылады.

«Қызғалдақ» бөбекжай балалар бақшасындағы штат саны - 22 бірлікті құрайды. Атап көрсеткенде 1 – меңгеруші, 1-әдіскер, 1-психолог, 1-музыка жетекшісі, 4-тәрбиеші. Барлық педагог саны 8 (сегіз). Басқасы 14-қызметкер, медбике, аспаз, ЭВМ – операторы, шаруашылық меңгерушісі және техникалық қызметкерлер. Жұмыстан қысқарған немесе босатылған қызметкерлер жоқ, бала күтімімен отырған 1 қызметкер бар.

Балабақшаға қызметке қабылдану, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы және жастар ресурстық орталығы арқылы қабылданады. Балаларды балабақшаға қабылдау кезіне қарай 1,5 жарымнан 3 жас аралығында Hilp:garden.Kyzylkoga.atyrau.gov.kz сайты арқылы жүзеге асады.

 

Балабақша міндеттеріне:

1. ҚР Заңдары облыстық, аудандық білім бөлімінің жоғарғы

органдардан келген хаттар және ауданның, округ әкімдігінің бұйрық, өкім, шешімдері кіреді.

Балабақша өз қызметін атқаруда төмендегідей нормативтік құжаттарды қолданады:

1. 23 қараша 2015 ж №414 – V ҚР Еңбек Кодексін

2. ҚР «Білім туралы» Заңы 27 шілде 2017 жыл

3. «Бала құқығын қорғау» конвенциясы

4. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу заңы»

5. 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 «Мектепке дейінгі ұйымның үлгілік шарттары»

6. ҚР Жалпыға міндетті білім беру стандарты

7. 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңы

Балабақшада сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін тәуекелділік анықталған жоқ.

ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 – бабына сәйкес мекемедегі лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екендіктерін ескере отырып мекемедегі қызметкерлер www.аdaldyk.kz.  порталына тіркелді.

 

Балабақша әдіскері: Т.Едишева

« 10 » қаңтар 2020 жыл

Балабақша кәсіподақ

ұйымының төрайымы: З.Терекбай

« 10 » қаңтар 2020 жыл

ЭВМ оператор: А.Балмуканова

« 10 » қаңтар 2020 жыл.


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:50

Қаралым саны: 82