Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппаратындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі – Тасшағыл ауылдық округінің әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.

2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы.

Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 131–өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Жұмыс тобының басшысы:

Куанишов Малик-округ әкімі;

Жұмыс тобының мүшелері:

Кожахметов Дастан Бактыгалиевич-бас маман;

Куанов Роллан Ескайрович-бас маман;

Сарсенгалиев Адил-ардагерлер кеңесінің төрағасы

4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны - 3; Олар: 3 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі және 2 бас маман) мен 12 келісім-шарт негізінде қызметкер (іс-жүргізуші, тазалықшы, автокөлік жүргізушісі, қарауылшықтар, от жағушы) барлығы 15 қызметкер жұмыс істейді. Ведомстволық бағыныстағы мекемелерде барлығы 41 қызметкер жұмыс істейді.

«Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың келуі, шығуы орын алды.

-15.01.2019 жылы округ әкімінің №03 өкімімен жылу жүйесіне келісім-шарт негізінде алынған Брликов Берик от жағу жұмысынан босатылды.

-28.01.2019 жылы округ әкімінің №06 өкімімен от жағу жүйесіне келісім шарт жүйесімен Жангалиев Саурбай жұмысқа алынды.

-12.04.2019 жылы округ әкімінің №44 өкімімен шаруашылық меңгерушісі С.Мирамов өз өтінішіне сәйкес 2019 жылдың 15-ші сәуір мен 15-ші мамыр аралығында жалақысы сақталмайтын демалыс берілді.

-15.04.2019 жылы округ әкімінің №45 өкімімен Куанова Райна, Жангалиев Саурбай, Салыков Аманкелді маусымдық от жағу жұмысынан босатылды.

-15.04.2019 жылы округ әкімінің №46 өкімімен шаруашылық меңгерушісі С.Мирамов жалақысы сақталмайтын күн алуына байланысты шаруашылық меңгерушісінің міндетін атқару А.Салықовқа жүктелді.

-20.05.2019 жылы округ әкімінің №54 өкімімен Қ.Ізбасарды өз өтінішіне сәйкес атқаратын қызметінен босатылды.

-24.06.2019 жылы округ әкімінің №73 өкімімен Е.Бисенова өз өтінішіне сәйкес атқаратын қызметінен босатылды.

-15.08.2019 жылы округ әкімінің №86 өкімімен С.Қойшығұловты келісім шарт негізінде статист болып жұмысқа қабылданды.

«Жазира» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында штат саны – 38,75 бірлікті құрайды. Атап айтқанда меңгеруші - 1, әдіскер - 0.5, психолог- 0.5, тәрбиешілер –9 адам, саз жетекшісі – 0,75, көмекші тәрбиеші – 5,5 штат, оператор -1штат, есепші-0,5, шаруашылық меңгерушісі-1, тазалықшы-2 штат, бас аспаз-1 штат, көмекші аспаз-1, көмекші жұмысшы-1, электрик-1, Оператор ЭЕМ-1, хореограф-1, Бейнелеу өнері-0,75, дене шынықтыру нұсқаушы-0,75, ғимарат жөндеуші-1штат, медбибі-1, кір жуушы- 1, қарауылшық-3, от жағушы-3 барлығы 42 адам жұмыс жасайды.

-31.01.2019 жылғы №4 бұйрығымен дене шынықтыру нұсқаушысы А.Берікбайұлы жұмыстан босатылды.

-01.02.2019 жылғы №6 бұйрығымен А.Нығымет дене шынықтыру нұсқаушысы қызметіне қабылданды.

-01.02.2019 жылғы №7 бұйрығымен Ш.Сағын тәрбиеші мамандығы бойынша жастар практикасына жұмысқа қабылданды.

-08.02.2019 жылғы №10 бұйрығымен Б.Таспанова медбибі қызметіне қабылданды.

-08.02.2019 жылғы №11 бұйрығымен бас аспаз Қамышева Ұлмерек зейнетерлік жасқа шығуына байланысты қызыметінен босатылды.

-11.02.2019 жылғы №12 бұйрығымен Б.Бекмағамбетова аспаз болып жұмысқа қабылданды.

-16.04.2019 жылғы №20 бұйрығымен от жағушы Ж.Қабдешов жұмыстан босатылды.

-16.04.2019 жылғы №21 бұйрығымен от жағушы А.Мирамов жұмыстан босатылды.

-30.04.2019 жылғы №22 бұйрығымен от жағушы Е.Тілеуханов жұмыстан босатылды.

-01.08.2019 жылғы №58 бұйрығымен Н.Дербисов күзетші қызметі қабылданды.

-01.08.2019 жылғы №59 бұйрығымен А.Амандық уақытша көмекші тәрбиеші қызметіне қабылданды.

-01.08.2019 жылғы №60 бұйрығымен А.Қалиева уақытша еден жуушы қызметіне қабылданды.

-01.08.2019 жылғы №61 бұйрығымен Ә.Раулова уақытша көмекші тәрбиеші қызметіне қабылданды.

-04.09.2019 жылғы №66 бұйрығымен Ұ.Тулеуова уақытша көмекші тәрбиеші қызметіне қабылданды.

-10.09.2019 жылғы №71 бұйрығымен қарауылшық Р.Қожахметов ғимарат жөндеуші қызметіне ауыстырылды.

-10.09.2019 жылғы №72 бұйрығымен көмекші тәрбиеші А.Амандық шағын орталық тәрбиешісі қызметіне ауыстырылды.

-16.09.2019 жылғы №73 бұйрығымен А.Ержан көмекші тәрбиеші қызметіне қабылданды.

-16.09.2019 жылғы №75 бұйрығымен Н.Бекмағамбетов уақытша күзетші қызметіне қабылданды.

-16.09.2019 жылғы №76 бұйрығымен Т.Қалиев уақытша күзетші қызметіне қабылданды.

-18.10.2019 жылғы №81 бұйрығымен А.Саликов от жағушы қызметіне қабылданды.

-18.10.2019 жылғы №82 бұйрығымен Ж.Беккалиев от жағушы қызметіне қабылданды.

-18.10.2019 жылғы №83 бұйрығымен С.Жангалиев от жағушы қызметіне қабылданды.

-12.12.2019 жылғы №88 бұйрығымен Қ.Жұбаналиева АЕМ оператор қызметіне қабылданды.

-12.12.2019 жылғы №89 бұйрығымен Г.Галимова бейнелеу маманы қызметіне қабылданды.

-12.12.2019 жылғы №90 бұйрығымен Б.Ажигалиева тазалықшы қызметіне қабылданды.

МҚКК Тасшағыл ауылдық клубының штат саны 4/1. Атап айтқанда мекеме директоры - 1, көркемдік жетекші-1 адам, 1-есепші, ұйымдастырушы-2, қызмет етеді.

Тасшағыл ауылдық клубының мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде қызметкерлердің ауысуы орын алды.

12.08.2019 жылы №22 бұйрығымен есепші А.Құлыбекова декреттік демалысқа жіберілуіне байланысты міндетін атқару А.Көптлеуоваға жүктелген.

2019 жылдың есепті мерзімі бойынша округ әкімінен барлығы 133 өкім және 31 шешім шығарылған.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.

Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Округ әкімі аппаратының негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 54 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

«Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 12 айы бойынша жеке тұлғалардан 21 арыз түсіп, оның ішінде 19 -і оң шешілсе, 2-не заң шеңберінде түсіндірілген.

5. Қорытынды:

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Жұмыс тобының басшысы: М.Қуанишов

Бас маман: Д.Қожахметов

Бас маман: Р.Қуанов

Ардагерлер кеңесінің

төрағасы: А.Сарсенгалиев


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020 18:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 18:15

Қаралым саны: 210