Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Ойыл ауылдық округі әкімінің аппаратындағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«БЕКІТЕМІН»

Ойыл ауылдық округ әкімі

__________________ М.Жексенов

« » ___________ 2018 ж.

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, округ әкімінің 16.11.2018 жылғы №197 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады. Округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

1) Округ әкімі аппаратына қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

2) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

3) Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4) Прокурорлық қадағалау актілері

5) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

Ішкі талдау төмендегі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Жұмыс тобының басшысы:

А.Ақбалашұлы - бас маман;

Жұмыс тобының мүшелері:

М.Боранғалиев - бас маман;

Г.Саламатова - бас маман.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 2018 жылғы 19-20 қараша аралығында жүзеге асырылды.

«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2018 жылңы 26 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже негізінде жұмыс атқарады.

Округ әкімі аппаратында штат саны-19, округ әкімі-1, бас мамандар-5, азаматтық қызметшілер саны-4. Техникалық қызметкерлер-9, олар тазалықшы-1, автокөлік жүргізушісі-1, қарауылшықтар-6, сантехник-1.

«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. Жүктілікке және босануға, бала күтіміне байланысты демалысқа жіберілген қызметкерлер қайта жұмысқа шықты.

Округ әкімі аппаратында жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.

«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскеге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 11 айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 11 айы бойынша жалпы саны – 417 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 11 айы бойынша жеке тұлғалардан 59 өтініш (20 қанағаттандырылып, тиiстi субъектiлерге жiберiлді) келіп түсті.

Округ әкімі аппаратында азаматтардың ұсыныс-пікірлер салуға арналған жәшік қолжетімді жерде ілінулі. Жәшікке ұсыныс-пікір түскен жоқ. Сенім телефоны (2-50-19) жұмыс жасайды. «Сенім телефонын» тұрғындарға хабардар ету мақсатында Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсына орналастырылды.

Сонымен қатар, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының жергілікті деңгейде маңыздылығын жариялау және тиісті дәрежеде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында тұрғындармен 2 рет жиналысы, мекеме қызметкерлері арасында 6 рет түсінік жұмыстары жүргізіліп, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы бойынша брифинг өтіп, тұрғындар арасында 380 жадынамалар таратылды.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында округ бойынша 6 баннер ілінді.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланым бойынша аудандық Қызылқоға газетіне 3 мақала және Атырау облысы әкімдігінің Қызылқоға ауданы бойынша ресми интернет ресурсына 2 мақала жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кешенді жоспардың «Таспа» жобасына сәйкес 5 әлеуметтік сұхбат түсіріліп, аудан әкімдігінің фейсбуг парақшасына орналастырылды.

Округ әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

Жұмыс тобының басшысы, бас маман А.Ақбалашұлы

Жұмыс тобының мүшесі, бас маман: М.Боранғалиев

Жұмыс тобының мүшесі, бас маман: Г.Саламатова


Мақаланың шыққан күні: 29.11.2018 18:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.11.2018 18:05

Қаралым саны: 814