Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

ТАЙСОЙҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«БЕКІТЕМІН»

Қызылқоға ауылдық округ әкімі міндетін уақытша атқарушы

__________________________У.Нухесова

«______» __________________ 2020 жыл

 

 

1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі – Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Тайсойған ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №8–өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Жұмыс тобының басшысы:

У.Нухесова – округ әкімі міндетін атқарушы;

Жұмыс тобының мүшелері:

А.Урбисинова - хатшы;

Т.Урбисинов – ардагерлер кеңесінің төрағасы;

4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 13 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 2 адам, келісім-шарт қызметкерлер саны - 9 қызметкер (шаруашылық меңгерушісі, іс-жүргізуші, тазалықшы, автокөлік жүргізушісі, қарауылшықтар) жұмыс істейді.

«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

- 03.01.2019 жылы округ әкімінің №1 өкімімен Оңдағанов Досқабыл автокөлік жүргізушісі өз арызына сай жұмысынан босатылды.

- 04.01.2019 жылы округ әкімінің №4 өкімімен Оңдағанов Мейрамбек келісім шарт негізінде жүргізуші болып қабылданды.

- 21.10.2019 жылы округ әкімінің №150 өкімімен Құмаров Сәрсенбай мен Жайғалиев Айдынғали маусымдық от жағу жұмысына қабылданды.

МҚКК «Тайсойған ауылдық клубы» мекемесіндегі штат саны 4 адам жұмыс жасайды. Атап айтқанда, көркемдік жетекші-1адам, әдіскер-1адам, есепші-1 адам, еден жуушы-1адам қызмет етеді.

2019 жылдың есепті мерзімі бойынша 2 адам жұмысқа алынды.

- 04.11.2019 жылы округ әкімінің №158 өкімімен Д.Жұмахметов мекеме директоры болып тағайындалды.

- 13.11.2019 жылы клуб директорының №26 бұйрығымен көркемдік жетекші болып тағайындалды.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.

Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 12 айы бойынша жеке тұлғалардан 15 арыз түсіп, заң шеңберінде түсіндірілді.

5. Қорытынды:

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Жұмыс тобының басшысы, округ әкімі

міндетін атқарушысы: У.Нухесова

 

Жұмыс тобының мүшесі, хатшы: А.Өрбісінова

 

Ардагерлер кеңесінің төрағасы: Т.Урбисинов


Мақаланың шыққан күні: 06.02.2020 18:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.02.2020 18:07

Қаралым саны: 189