Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына 2019 жылдың ІI жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы анықтама

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, М.Ғилаев көшесі, №9. 8(71233)2-04-34, факс 2-11-15. эл.пошта: ganuyshkino.akimat@mail.ru

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес округ әкімінің міндетін атқарушы М.Ажигереевпен 2020 жылдың   16 қантардағы №16 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкім бекітілді. Аталған өкім негізінде округ әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу округтің бас маманы М.Гумароваға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылдың қантар айының 9-16 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;

-2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексі;

- Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты ( конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы  25 желтоқсандағы №792 бұйрығы;

- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы;

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі баршаға көрнекі жерде ілінген.

Округ әкімі аппараттың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген бөлім қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.

Құрманғазы ауылдық округ әкімінің аппаратында 2019 жылдың II жартыжылдығында кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 11 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 10, бір бос лауазым орны бар. Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл сайынғы еңбек демалысына барлық мемлекеттік қызметші жіберілген. Округ әкімінің өкімімен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

І. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша 

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына есепті мерзім бойынша округ әкімімен – 367 шешім және – 219 өкім қабылданды .

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

ІІ. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Округ әкімі аппараты рұқсат беру функияларын жүзеге асырмайды. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Гумароваға жүктелген.

2019 жылдың II жартыжылдығында Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратына барлығы – 454 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке   тұлғалардан - 439 , заңды тұлғалардан – 15 арыз түсті. Қайта қаралған өтініштер саны- 28, жеке   тұлғалардан - 17 , заңды тұлғалардан - 1.

2019 жылы II жартыжылдығында өтініштің оның ішінде – 314 оң шешіліп, 139-не заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді, арыз иесінің өз қалауымен тоқтатылған саны 1. Қайта қаралған өтініштерден - 18 оң шешіліп, 10-не заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді.Қаралуда қалған арыздар жоқ.

Өтініштердің басым көпшілігі жер мәселесін қозғайды. Округте азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

№1-ОЛ нысанды статистикалық   қорытынды бойынша есебі 2019 жылдың II жартыжылдығы бойынша аудан әкімінің жалпы бөліміне тапсырылды.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.

 

Құрманғазы ауылдық округ бойынша сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген

округтің бас маманы М.Гумарова


Мақаланың шыққан күні: 20.01.2020 17:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.01.2020 17:05

Қаралым саны: 85