Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

«Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің» 2017 жылдың II жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша Анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің 2016 жылдың 19 қазандағы №12 бұйрығына және бөлім басшысының 2017 жылдың 18 қыркүйектегі №37 бұйрығына сәйкес қалалық ішкі саясат бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Қалалық ішкі саясат бөлімі Атырау қала әкімдігіне қарасты бөлім болып табылады.

Ішкі талдау бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазастан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы ҚР 6 бабы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы

- «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсан №95-IV;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;

- 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі».

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті уәкілетті және нормалар анықталған жоқ.

Аталған нормативтік құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.

Бөлімнің салық және статистикалық есептілігін дайындау, бөлімнің негізгі материалдық-техникалық қорын есепке алу, есептен шығару, бөлімнің мемлекеттік сатып алуларды қолданыстағы заңдылыққа сәйкес іске асыру.

Жоғарыда корсетілген нормативтік құқықтық актілермен мемлекеттік жоспарлау бойынша атқарушы органның құзырлары қатаң айқындалған, яғни орындалу мерзімдері, жүзеге асыру жолдары мен іс-әрекеттері заңмен шектелген, бұл мемлекеттік органның атқаратын міндеттерін Заңнан тыс іске асыруға жол бермейді, нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа әкелетін тәуекел жоқ. Мемлекеттік қызмет бекітілген стандартқа сәйкес жүзеге асырылып, әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы шешім арнайы құрылған комиссиямен қабылданады.

Қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссиялардың, Үкіметтік емес ұйымдармен қарым қатынас жасау жөніндегі Үйлестіру, дін мәселесі жөніндегі Үйлестіру және жастар ісі жөніндегі Кеңес жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, аумақтық дамыту бағдарламасы бойынша ақпарат беру, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілетін жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қызмет көрсетушілердің жұмысын қадағалау, шығармашылық есептерін тексеру, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер, кездесулер және басқа да қоғамдық саяси және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, күнделікті қала аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы облыстық ішкі саясат басқармасына ақпарат дайындау.

Сонымен қатар, бөлімдегі мемлекеттік сатып алу процессі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V « Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес іске асырады, яғни қызметтер мен тауарларды сатып алу мемлекеттік сатып алу порталында жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіледі, барлық мемлекеттік сатып алу (хабарлама, техникалық мазмұны,келісім шарт қорытындысы) электронды түрде жүзеге асырылады. Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермейді.

2. Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметі мынадй мәселелерді қамтыды:

- Персоналды басқару бойынша, оның ішінде бөлімде 7 штатық орын бар, 7 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алған жоқ;

- Мүдделер қақтығысын реттеу – бұл бағытта фактілер орын алған жоқ;

- Рұқсат беру функциясы – бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

- Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым бойынша жоғары органдар мен мекемелерден түсіп отырған хаттар бойынша жауаптар уақытылы дайындалды. Заңды және жеке тұлғалар тарапынан бөлімге тікелей арыз шағымдар түскен жоқ. Бұқаралық ақапарт құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ. Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына бөлім қызметшілері жеке табыс және мүлік салықтары бойынша есеп беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алған жоқ.

- Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер орын алған жоқ.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы бойынша түсініктеме беру мақсатында бөлім қызметкерімен жиын ұйымдастырылады және жергілікті газет беттеріне бөлімнің сенім телефоны 8(7122) 308923 жарияланды. Әр айдың 2-ші, 4-ші аптаның бейсенбі күндері сағат 14.30-16.30 азаматтарды жеке мәселемен қабылдау алдын-ала жазылу арқылы жүргізіледі. Байланыс телефондары: 8 (7122)326831.

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екендігі анықталды.


Мақаланың шыққан күні: 29.12.2017 00:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2017 00:13

Қаралым саны: 1027