Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдау анықтамасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына және Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының 2020 жылғы 9 қаңтардағы №5 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

- бөлім қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша: Прокуратура органдары тарапынан және Әділет департаменті тарапынан ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Түрлі нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасындағы қайшылықтар мен олқылықтар нормаларының қайталануы анықталмаған. Сонымен қатар, талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Бөлімнің штат саны 6 бірлікті құрайды. Нақты жұмыс істеп жүргендер –  5 мемлекеттік қызметкер, 1 бос лауазым орны бар. Өз еркімен жұмыстан босатылған – 1, қабылданған – 1. Жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ. Қызметкерлердің лауазымын төмендету орын алмаған.

1 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Бөлім мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

Рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру

2019 жыл қорытындысы бойынша көрнекі ақпаратқа байланысты жұмыстарды басты назарда ұстап, оларды үйлестіру бағытында бөлім жарнама нысанының көрнекі ақпараты мәтініне келісім берді.

Құжатайналым бойынша жоғары органдар мен мекемелерден түсіп отырған хаттар бойынша жауаптар уақытылы дайындалды. Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, жауап беріліп, қала әкімі аппаратына есеп тапсырылуда.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттың сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды. Байланыс телефоны:8/7122/45-36-94.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 

К.Кумарова

А.Джанканова

А.Сембаева


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 17:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 17:04

Қаралым саны: 208