Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

«Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың ІI жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша Анықтама

Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді.

Ішкі талдауға жататын бөлімнің атауы: Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1) Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1.1. Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;

- «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы;

- Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі №348 қаулысымен бекітілген «Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі;

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен атқарушы органның құзырлары қатаң айқындалған, яғни орындалу мерзімдері, жүзеге асыру жолдары мен іс-әрекеттері заңмен шектелген, бұл мемлекеттік органның

 

атқаратын міндеттерін Заңнан тыс іске асыруға жол бермейді, нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа әкелетін тәуекел жоқ.

Сонымен қатар, бөлімдегі мемлекеттік сатып алу процессі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес іске асырылады, яғни қызметтер мен тауарларды сатып алу мемлекеттік сатып алу порталында жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіледі, барлық мемлекеттік сатып алу (хабарлама, техникалық мазмұны, келісім шарт қорытындысы) электронды түрде жүзеге асырылады. Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермейді.

2.Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1)Персоналды басқару бойынша, оның ішінде бөлімнің штаттық құрылымы 6 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік, бас маман 5 бірлік. Кадрларлың ауысуы:1 бірлік 2018 жылғы 10 сәуірде бас маман өз еркімен қызметінен босатылып, 2018 жылғы 16 шілдеде орнына жаңа бас маман қабылданды. 1 бірлік (қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі бас маманы бала күтімі бойынша демалысқа шыққан қызметкер2018 жылдың 17 қыркүйегінде өз орнына қайта оралды). 2018 жылдың І жартыжылдығында 1 тұрақты бос мемлекеттік қызметшінің орнына жалпы конкурс жарияланып, қазіргі уақытта 2018 жылдың 18 қыркүйегінде бас маманның міндетін атқару үшін еңбек келісімі жасалды. Бүгінгі күні арнайы тексеруден өтуде.Қазіргі мезгілде штат саны толық. Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі орналастырылған. Тәртiптiк жазаға тарту тәртiбi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану қағидалары бойынша жүргiзiледi. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алған жоқ;

2)Мүдделер қақтығысын реттеу-бұл бағытта фактілер орын алған жоқ;

3)Мемлекеттік қызметті көрсету-бөлім тарапынан бұл қызмет түрі көрсетілмейді;

4)Рұқсат беру функциясы–бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5)Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым бойынша жоғары органдар мен мекемелерден түсіп отырған хаттар бойынша жауаптар уақытылы дайындалды. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады;

6)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

7) Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

8) Сот актілері-бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ;

9) Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

10)Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сенім телефоны толықтай жұмыс істеп тұр және жергілікті басылым беттеріне бөлімнің сенім телефоны жарияланды.

11)Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер орын алған жоқ.

12)Мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларациялары тапсырылады.

Қорытынды: мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.

Сондай-ақ, қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, қалалық тұрғын үй инспекциясы тарапынан кодоминиум объектісін басқарушы органдарының жұмысын жетілдіру мақсатында және қала тұрғындарының арыз-шағымдарымен, ұсыныс-пікірлерін мүмкіндігінше тиімді қамту мақсатында «Е-ПИК» жобасы енгізілуде.

Күні бүгін қала бойынша 71 КОБО-ның барлығы дерлік құжаттары электронды құжатқа алмастырылып «Е-ПИК» бағдарламасына енгізілді.

Қала тұрғындары деректерін «Е-ПИК» жобасына Atyrau.opencity.kz сайты арқылы енгізе отырып, арыз-шағымдарымен, тапсырыстарын жаза алады.


Мақаланың шыққан күні: 26.12.2018 09:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2018 09:40

Қаралым саны: 757