Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

«Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша Анықтама

Ішкі талдауға жататын бөлімнің атауы:

«Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді: «Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі №52А, телефон: 252995, email: gor_sport@atyrau.gov.kz.

Бақыланатын кезең:

2019 жылдың І жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1) Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.1. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

«Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы;

«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №405 қаулысымен бекітілген «Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі;

«Еңбек кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚР3 Қазақстан Республикасының Заңы;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V.

Бөлімдегі мемлекеттік сатып алу процессі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес іске асырылады, яғни қызметтер мен тауарларды сатып алу мемлекеттік сатып алу порталында жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіледі, барлық мемлекеттік сатып алу (хабарлама, техникалық мазмұны, келісім шарт қорытындысы) электронды түрде жүзеге асырылады. Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермейді.

2.Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару бойынша, оның ішінде бөлімнің штаттық құрылымы 4 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік, бас маман 3 бірлік. Кадрларлың ауысуы: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 5 маусымдағы арнайы тексеруден оң нәтижесін алған бас маман ағымдағы жылдың 7 маусымынан бастап 7 қыркүйегіне дейінгі аралықта 3 ай сынақ мерзімімен тәлімгерлік кезеңінен өтуде. Тәлімгер болып осы бөлімнің бас маманы бекітілді. Қазіргі мезгілде штат саны толық. Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі орналастырылған. Тәртiптiк жазаға тарту тәртiбi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану қағидалары бойынша жүргiзiледi. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларациялары 2019 жылдың наурыз айында тапсырылды.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу-бұл бағытта фактілер орын алған жоқ;

3) Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша:

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" №139 бұйрығына және Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №199 Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы қаулысына сәйкес 1 (бір) мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету арқылы көрсетіледі:

1. «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру». Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру кезінде «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы, «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрықтары басшылыққа алынады. Алайда екі заң бір-біріне қайшылық туғызуда. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" №139 бұйрықтың 6-қосымшасы стандартпен, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрықта разрядтар және санаттарды алу үшін қажетті құжаттар тізбесі оңтайландырылған: Мысалы: «1 жасөспірімдік разряд спортшысы», «2 жасөспірімдік разряд спортшысы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;

спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелерінен басқа құжаттарды талап етпейді.

Ал, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрықта разрядтарды және біліктілік санаттарын беру өте күрделенілген яғни грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша:

I жасөспірімдер дәрежесі (14-17 жас)

Облыстық және қала біріншілігінде 1-ші орын алу, жарысқа 1 жасөспірімдік разрядтағы 4 спортшы қатысу керек немесе 1 жыл ішінде II жасөсіпірімдік разрядтағы 10 спортшыдан басым түсу, кез-келген деңгейдегі жарыста.

II жасөспірімдер дәрежесі (14-15 жас)

1,5 жыл күреске қатысу және 1 жыл ішінде III жасөспірімдік разрядтағы 4 спортшыдан басым түсу, кез-келген деңгейдегі жарыста.

III жасөспірімдер дәрежесі (14-15 жас)

жыл бойы жүйелі түрде спортпен шұғылдану, жарыстарда 5 реттен кем емес сайыс өткізу керек деп көрсеткен.

4) Рұқсат беру функциясы–бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5) Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым бойынша жоғары органдар мен мекемелерден түсіп отырған хаттар бойынша жауаптар уақытылы дайындалды. Бөлімге электронды үкімет порталы арқылы барлығы 1 ұсыныс, 2 сұраныс түсіп, уақытында жауап берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады;

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

7) Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

8) Сот актілері-бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ;

9) Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

10) Бөлімнің әлеуметтік желілерінде сенім телефон нөмірі жарияланды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

11)Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер орын алған жоқ.

ІІІ. Қорытынды

Жоғары да айтылғандарды қорытындылай келе төмендегідей Ұсыныс береміз:

«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы, «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрықтары бір-біріне қарама қайшылық туғызып, разрядтар мен санаттарды беру кезінде комиссияның шешім қабылдау барысында аталмыш екі бұйрықтың біреуін басшылыққа алу жөнінде жоғары тұрған құзырлы органға ұсыныс енгізу.


Мақаланың шыққан күні: 01.07.2019 11:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.07.2019 11:06

Қаралым саны: 661