Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

«Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың ІI жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша Анықтама

Ішкі талдауға жататын бөлімнің атауы:

«Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді: «Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі №52А, телефон: 252995, email: gor_sport@atyrau.gov.kz.

Бақыланатын кезең:

2019 жылдың ІI жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1) Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.1. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

«Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы;

«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

Атырау қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №405 қаулысымен бекітілген «Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі;

«Еңбек кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚР3 Қазақстан Республикасының Заңы;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V.

Бөлімдегі мемлекеттік сатып алу процессі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес іске асырылады, яғни қызметтер мен тауарларды сатып алу мемлекеттік сатып алу порталында жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіледі, барлық мемлекеттік сатып алу (хабарлама, техникалық мазмұны, келісім шарт қорытындысы) электронды түрде жүзеге асырылады. Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермейді.

2.Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару бойынша, оның ішінде бөлімнің штаттық құрылымы 4 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік, бас маман 3 бірлік. Қазіргі мезгілде штат саны толық. Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі орналастырылған. Тәртiптiк жазаға тарту тәртiбi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану қағидалары бойынша жүргiзiледi. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алған жоқ.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу-бұл бағытта фактілер орын алған жоқ;

3) Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша:

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" №139 бұйрығына және Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №199 Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы қаулысына сәйкес 1 (бір) мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету арқылы көрсетіледі:

1. «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты

жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру». Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру кезінде «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы, «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрықтары басшылыққа алынады.

4) Рұқсат беру функциясы–бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5) Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым бойынша жоғары органдар мен мекемелерден түсіп отырған хаттар бойынша жауаптар уақытылы дайындалды. Жеке және заңды тұлғалар тарапынан бөлімге тікелей арыз-шағымдар түскен жоқ. Бөлімге электронды үкімет порталы арқылы барлығы 5 өтініш түсіп, уақытында жауап берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады;

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

7) Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

8) Сот актілері-бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ;

9) Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

10) Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің сенім телефоны толықтай жұмыс істеп тұр және жергілікті басылым беттерінде, бөлімнің әлеуметтік желілерінде сенім телефон нөмірі жарияланды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

11)Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер орын алған жоқ.

12)Мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларациялары 2019 жылдың наурыз айында тапсырылды.

ІІІ. Қорытынды

Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


Мақаланың шыққан күні: 30.12.2019 12:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.12.2019 12:19

Қаралым саны: 225