Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

«Атырау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша Анықтама

Атырау қалалық қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді.

Ішкі талдауға жататын бөлімнің атауы: Атырау қалалық қаржы бөлімі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1) Қалалық қаржы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік- құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Қалалық қаржы бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1.1. Бюджет секторы жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсан № 95-IV;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексі (Салық кодексі);

- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы;

- «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы.

Аталған нормативтік құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды:

Қалалық бюджеттің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалуы жөнінде ұсыныстар беру, жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау, қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, қалалық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсыну, бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақытылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу.

1.2. Бухгалтерлік есеп және есептеу секторы жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

-- «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсан № 95-IV;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы;

- «Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығы;

- «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығы;

- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы.

Аталған нормативтік құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды:

Бекітілген нормаға сәйкес бөлімнің жұмысын қаржы-шаруашылық және материалды-техникалық жағынан қамсыздандыру жұмысын ұйымдастыру, бөлінген лимитке сәйкес шығыстарды үзіліссіз қаржыландыруды ұйымдастыру, қаржының мақсатты жұмсалуына және жоспарлық тағайындаулардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру, жалпы қала бойынша бюджеттің орындалуы туралы және ақылы қызметтер жөніндегі жиынтық есептерін қалыптастыру, бас лимиттерді таратушылардың қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп жасақтап, тексеріп, түсіндірме жазба жасау, бөлім

қызметкерлерінің еңбекақы мен демалыс төлемдерін төлеу және аударуды жүзеге асыру, жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жүргізу, бөлім бойынша бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізу, қалалық мекемелер және мемлекеттік органдарынан дебиторлық берешектер бойынша есептер қабылдау, мәліметтер жинауды жүргізу, мекемелердің мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу жөніндегі ай сайынғы есеп беру жұмыстарын жүргізу.

1.3. Коммуналдық меншік секторы жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

- «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 Қаулысы;

- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы;

- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысы;

- «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1115 Қаулысы;

- «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысы.

Аталған нормативтік құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды:

Коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, коммуналдық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, жергілікті атқарушы орган атынан қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты қалалық коммуналдық меншік субъектісінің құқығын жүзеге асырады, тиісті саланың уәкілетті органына қалалық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді, қалалық коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, жергілікті атқарушы органға тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады, қалалық әкімдік атынан мемлекеттік акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын

жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Атырау қалалық қаржы бөлімінің коммуналдық меншік секторы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы Заңы және Атырау қалалық қаржы бөлімінің Ережесіне сәйкес қызмет атқарады. Оның ішінде, қалалық коммуналдық меншікте мақсатына сай пайдаланбайтын мүліктерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікке басқаруға беру, жалға беру қызметтерін мемлекеттік мүлік тізілім www.gosreestr.kz веб-порталы арқылы ұйымдастырады. Аталған веб-порталға электрондық қол таңба арқылы кіру рұқсатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның рұқсаты арқылы қалалық қаржы бөлімінің коммуналдық меншік секторының жауапты қызметкерлеріне және комиссия мүшелеріне, хатшыға беріледі. Коммуналдық меншіктегі нысан бойынша кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру тендеріне қатысушы ретінде қатысу үшін де мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар мемлекеттік мүлік тізілім www.gosreestr.kz веб-порталына электрондық қол таңба арқылы тіркеліп және кепілдік жарна төлеу арқылы қатыса алады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларының 42 тармағы бойынша, Тізілімнің веб-порталы жеңімпазға тендер немесе жабық тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер нәтижелері туралы хаттамада: 1) себептерін көрсете отырып жіберілмеген қатысушылар тізімі; 2) жіберілген қатысушылар тізімі; 3) жеңімпаз көрсетіледі.

Коммуналдық меншіктегі нысанды (Тұрғын үй қалашындағы жағажайды) кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру тендеріне жариялаған болатын. Алайда, тендер болатын күннен бұрын мемлекеттік мүлік тізілім www.gosreestr.kz веб-порталында техникалық ақаудың зардабынан тендер тоқтатылды. Атырау қаласы әкімдігіне Атырау облысының төтенше жағдайлар бойынша Департаментінің Атырау қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасынан бірнеше рет суға түсу маусымы басталғанда жағажайлардың санитарлық талаптарын және қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы хабарламалар жолдаған болатын. Сонымен қатар, мемлекеттік тізілім веб-порталында www.gosreestr.kz жарияланған тендер өту туралы №121447 хабарлама техникалық ақаусыздыққа байланысты тендер тоқтатылды.

Осыған орай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, қаланың кәсіпкерлерінің бірі жағажайды жайластыру және ұйымдастыру өз ынтасымен қайырымдылық көмегімен алға шықты. Атырау қалалық әкімдігімен осыдан бұрында басқа кәсіпкерлердің бірлескен қайырымдылық, демеушілік жобалары жасақталды, оның ішінде әкімдікпен жер телімдері белгіленіп, ал кәсіпкерлермен балаларға арналған ойын алаңдары, футбол алаңдарын өз қаражат есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілді, басқа да мүліктерді қаланың дамыту мақсатында сыйлайды. Айта кету қажет, кәсіпкер жағажайда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бойынша сенімгерлік басқарушы анықталғанға дейін қызметін көрсетті. Сонымен қатар, кәсіпкердің қалауымен оның атын жарияламау шешімін қабылдады, қала әкімдігі оның құқығы мен шешімін қадірлейді.

Аталған нысан бойынша тендер хабарламасы ағымдағы жылдың 22 шілдесінде жарияланып, ағымдағы жылдың 7 тамызында өткізілді. Аталған тендерге қатысушы болып тіркелмеген жеке тұлға Иставлетов (Ақпарат пайдаланушы атауымен) ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы негізінде сұраныс хатты жолдап, жеке

қатысушылар туралы ақпараттарды, оның ішінде тендерге ұсынған ұсыныстарын, қатысушының атауын және басқа да қатысты құжаттарды беруді сұраныс білдірді.

Сонымен қатар, жеке тұлға Иставлетов Атырау қаласы әкімдігіне нысан бойынша жеңімпаз алдын ала анықталуына байланысты, өткізілетін тендерге қатысудан бас тартатынын және ағымдағы жылдың 7 тамызда өткізілетін тендерді тоқтатып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (24 шілдесінде бұйрықпен өзгеріс енгізілген, бұқаралық ақпараттарға 1 тамызда жарияланды) ағымдағы жылдың 10 тамызында күшіне енетін Қағидамен жүргізуді сұраныс білдірді. Оның бірден бір себебі, тендерлік комиссияның шешімімен емес веб-порталдың автоматты түрде ең аз сыйақы көрсеткен қатысушыны Жеңімпаз болып анықтау болғанын қалауында. Мемлекеттік мүлік тізіліміне хабарлама 22 шілдеде жарияланғасын және де 7 тамызда өтетіндіктен тендер тоқтатуға негіз болмады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 201 бабының 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды және аталған Заңның 18 бабына сәйкес, аудандардың, облыстық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құзыреті айқындалған, алайда, олардың ішінде тұтынушыларға мемлекеттік мүліктің тізілімінен мәліметтерді беру құзыреті айқындалмаған.

Қаржы бөлімімен өткізілген тендерде Атырау қаласының әкімдігімен бекітілген комиссия мүшелерінің тендер құжаттарын қарап, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары 1.12) тармағына сәйкес, тендер жеңімпазы болып объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру кезінде тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы таңдалды.

Жеке тұлға Иставлетовтан келген бес хатқа да, уақытында мән жайды түсіндіріп жауап берілді. Тендерге қатысушы болып тіркелген, жеке тұлға О.Жадраның арызы бойынша да, сұратылған мемлекеттік мүліктің тізілімінен мәліметтерді беру құзыреті айқындалмағаны жөнінде хабарланды.

Аталған мәселеге байланысты, Қалалық қаржы бөлімінің ұйымдастырған тендеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырып, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдады.

Сонымен қатар, О.Жадраның арызына жалғанған хаттардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі №25-8-10/ЖТ-И-232 хатына сәйкес, ақпаратқа беру туралы ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес жүргізілетінін және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне кіретінін көрсеткен болатын. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 23 тамыздағы №20-1/ФЛ-И-1095/1 хатына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарына хабарлау қажеттілігін жеткізді. Алайда, жергілікті атқарушы орган болып табылатын Атырау қала әкімдігі мемлекеттік тізілімдегі тендерге қатысушылардың енгізілген электрондық құжаттарды, тендердің ең жақсы тендерлік ұсыныстарын қарау, Жеңімпазды анықтау мемлекеттік мүлік тізіліміндегі тендерге кіру рұқсаты берілген комиссия мүшелері, өздерінің электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қарайды.

Қорыта келе, қалалық қаржы бөлімінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хатында көрсетілген ақпарат пен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 201 бабының 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік

жөніндегі уәкілетті орган айқындайды және аталған Заңның 18 бабына сәйкес, аудандардың, облыстық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құзыреті айқындалған, алайда, олардың ішінде тұтынушыларға мемлекеттік мүліктің тізілімінен мәліметтерді беру құзыреті айқындалмағаны туралы ақпарат бір-біріне қарама-қайшылықты туындатып тұр.

1.4. Мемлекеттік сатып алу секторы жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығы;

- «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығы

Аталған нормативтік құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды:

Тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының, тапсырыс беруші әзірлеген және бекіткен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының) конкурс, оның ішінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, алдын ала біліктілік іріктеу, бір көзден сатып алу, аукциондарда және тауар биржалары арқылы оларды заңнамамен белгіленген тәртіпте лоттарға бөле отырып, мемлекеттік сатып алуды жүргізеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және тапсырыс берушінің бірінші басшысына бекіту үшін ұсынады, конкурс немесе аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды және бекітілген конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға ұсынады. Қажет болған жағдайда конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді, заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджет кірісіне жатқызады немесе әлеуетті өнім берушіге қайтарады, конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын анықтау, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Атырау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік сатып алу секторымен конкурс және (немесе) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алулар ұйымдастырылады. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 170 тармағына сәйкес, веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырылады және неғұрлым аз шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын анықтайды. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 153 тармағына сәйкес, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды. Жұмыс тәжірибесі өлшемшартының конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды (Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 155 т.). Алайда, конкурстық комиссия мүшелері веб-порталда шартты жеңілдіктерді толтыру кезінде веб-портал жұмыс тәжірибесі өлшемшартын он пайыздан асырып толтыруға мүмкіндік береді.

Яғни, егер Мемлекеттік сатып алу қағидаларында жұмыс тәжірибесі шартты жеңілдігі он пайыздан аспауы тиіс деп көрсетілсе, веб-портал шартты жеңілдіктерді он пайыздан асырып толтыруға мүмкіндік береді. Бұл дара әлеуетті өнім берушілерге қосымша шартты жеңілдіктерді беруге мүмкіндік береді және конкурстық комиссияның шешімдерін сыбайлас жемқорлық тәуекеліне әкеліп соқтырады, сонымен қатар мемлекеттік сатып алудың әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік сияқты қағидаттарына қайшы келеді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №521 бұйрығымен біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді. Тізбеге сәйкес жиһаз және жеңіл өнеркәсіп тауарлары да ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен өткізіледі.

Қалалық білім бөлімінің 2019 жылғы 11 қарашадағы №03-04-01-12/843 хатына сәйкес, қалалық білім бөліміне қарасты мекемелер мен кәсіпорындар әлеуетті өнім берушілерде индустриалдық сертификат болмағандықтан және біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс өтпеді деп танылғанына байланысты 1195 аз қамтылған оқушыларды қысқы киімдер мен аяқ-киімдермен қамтамасыз ете алмай отыр. Осы себептен 42 000,0 мың теңге игерілмей қалу қаупі туындап отыр және бұл мемлекеттік сатып алудың мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатына қайшы келеді. Сонымен қатар, қала мектептері біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жарияласа да, индустриялдық сертификаты бар әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алуға қатыспаған. Бұл оларды тапсырыс берушілер ұсынған баға қызықтырмағандығын білдіреді. Бұл жағдай индустриялдық сертификаты бар әлеуетті өнім берушілер әрі қарай сатып алуларға бағаны өздері ұсынып, негізсіз бағаны көтеруге әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызады.

2. Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару бойынша, оның ішінде бөлімде 2019 жыл бойынша 20 штаттық орын. 20 штаттық орында 19 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. 1 мемлекеттік қызметшінің орны уақытша бос. 2019 жыл ішінде 3 мемлекеттік қызметкер уақытша бос орынға қабылданып, 1 мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан босатылды.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі орналастырылды. Бөлімде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлер жоқ. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алған жоқ;

2) Мүдделер қақтығысын реттеу-бұл бағытта фактілер орын алған жоқ;

3) Мемлекеттік қызметті көрсету-бөлім тарапынан бұл қызмет түрі көрсетілмейді;

4) Рұқсат беру функциясы– бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5) Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым бойынша жоғары органдар мен мекемелерден түсіп отырған хаттар бойынша жауаптар уақытылы дайындалды. Бөлімге тікелей заңды тұлғалардан 8 арыз және жеке тұлғалар тарапынан 18 арыз шағымдар түсті. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады;

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

7) Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

8) Сот актілері-басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ;

9) Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

10) Бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефон нөмірлері жарияланып тұрады;

11) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер орын алған жоқ.

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері коммуналдық меншік секторы және мемлекеттік сатып алу секторының қызметін қозғайтын нормативтік- құқықтық актілерде анықталды, басқа секторлар бойынша жоқ екендігі анықталды.


Мақаланың шыққан күні: 25.12.2019 12:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.12.2019 12:13

Қаралым саны: 336