Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

«Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылдың I жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Құлсары қаласы әкімінің 2018 жылғы 12 маусымдағы №97-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» өкіміне сәйкес «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1. Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

«Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» ММ жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

- ҚазақстанРеспубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет ережесін бекіту туралы» бұйрығы;

- Жылыой ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі;

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен атқарушы органның құқықтары мен міндеттері, функцияларыайқындалған, яғни орындалу мерзімдері, жүзеге асыру жолдары мен іс-әрекеттері заңмен шектелген, бұл мемлекеттік органның атқаратын міндеттерін Заңнан тыс іске асыруға жол бермейді, нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа әкелетін тәуекел жоқ.

Мемлекеттік сатып алу процессі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес іске асырылады, яғни қызметтер мен тауарларды сатып алу мемлекеттік сатып алу порталында жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіледі, барлық мемлекеттік сатып алу электронды түрде жүзеге асырылады.

 

2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппаратының штаттық құрылымы 12 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады, нақты 11 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды. 1 бос әкімшілік лауазым орны бар. 2018 жылдың I жартыжылдығында 2 мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылып, 4 мемлекеттік қызметкермен толықты. Қызметкерлердің лауазымын төмендету орын алмаған. 2018 жылдың I жартыжылдығында қала әкімі аппаратында 1 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметті көрсету – «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою» қызметі жүзеге асырылады.

Рұқсат беру функциясы қарастырылмаған. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түспеген.

Аппарат бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша қажетті шаралар қабылдануда.


Мақаланың шыққан күні: 29.06.2018 01:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2018 01:00

Қаралым саны: 1198