Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

«Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындалары бойынша Анықтама

Ішкі талдауға жататын бөлімнің атауы: Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1) Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1.1. Бөлім жұмыс барысында келесі нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

- «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 113 қаулысы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы; Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы «11» желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары», Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы №805 қаулысымен бекітілген «Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарымен бекітілген егін және мал шаруашылығы саласын дамыту мен қолдауға бағытталған бағдарламалар қағидалары, техникалық инспекция қызметін жүргізу қағидалары, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары.

 

2. Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару бойынша – бөлімде 7 бірлік штатта 7 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Қазіргі таңда лауазымдар орны толық. 2019 жылдың І жартыжылдығында жұмыстан босатылғандар немесе қабылданғандар болған жоқ.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша фактілер орын алған жоқ;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша - Техникалық инспекция саласында 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді:

1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

2. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу);

4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

Жыл басынан бері осы қызметтер бойынша түскен өтініштер – 809.

Оның ішінде:

1. Тракторлар мен арнайы техникалар жүргізуші куәлігін алу – 89.

2. Тракторлар мен арнайы техникалардың кепілін тіркеу – 33.

3. Тракторлар мен арнайы техникаларға нөмірлік белгі беру – 601.

4. Тракторлар мен арнайы техникаларды техникалық байқаудан өткізу - 74.

Осы қызметтер ішінен 3 (үш) қызмет е-лицензиялау электронды порталы арқылы, 1 (бір) қызмет бөлім арқылы көрсетіледі.

Бұдан өзге егін шаруашылығы бағытында 2 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

1) Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;

2) Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау.

Корсетілген 2 қызмет бойынша І жартыжылдықта өтініштер түскен жоқ.

Қызмет алушы мен қызмет беруші арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туындауының алдын алу мақсатында құжаттар қабылдау арнайы кеңсе қызметкері арқылы жүргізіліп келеді. Қызмет алушы үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері стендісі жасақталған. Сондай-ақ, өтінімдер үлгісі көрсетілген арнайы бұрыш жасалып, барлық тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бөлімде қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарының алдын алу мақсатында қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықтар мен стандарт талаптарын, қызмет көрсету мерзімдерін қатаң сақтау бақылауға алынып отырады.

Жыл басынан барлығы 809 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде шағымдар мен заңбұзушылықтар орын алған жоқ.

Бөліммен көрсетілетін қызметтер және жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарламалар талаптарын түсіндіру мақсатында жыл сайын тұрғындар және кәсіпкерлермен семинар-кеңестер ұйымдастырылып отырады. Биылғы жылы да сәуір айында 4 семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие

корпорациясы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы», облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, қалалық жұмыспен қамту орталығы өкілдері қатысып, іске асырылып жатырған бағдарламаларына кеңінен түсінік беру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қабылдау басталғаны туралы жергілікті газеттерге 2 хабарлама, қалалық әкімдік интернет-сайтында 1 хабарлама жарияланды.

4) Рұқсат беру функциясы – бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5) Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым, жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі бойынша, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін бұзу фактілері орын алған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

6)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

7) Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

8) Сот актілері-бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ;

9) Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

10) Бөлімде сенім телефоны толықтай жұмыс істеп тұр және жергілікті басылым беттеріне бөлімнің сенім телефоны жарияланды.

11) Мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларациялары 2019 жылдың ақпан-наурыз айында тапсырылды.

12) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен жасақталған «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында бөлімнің көрнекі жеріне орналастырылды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында бөлім басшысының қатысуымен халық пен билік арасын одан әрі жақындату мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін бағыт мемлекеттік қызмет көрсету саласы болып отыр. Сондай-ақ, бөлім арқылы көрсетілуі белгіленбеген (облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер) кейбір қызметтерді жергілікті жерде үйлестіруші орган ретінде бөлім мамандарының қызмет алушылармен тікелей байланыс жасауы да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына негіз болуы мүмкін. Осы орайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және ұйымдастырушылық-консультативтік берілетін көмектер көрсетуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұйымдастыру қажеттігі анықталды.


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2019 11:12

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2019 11:12

Қаралым саны: 748