Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

«Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша анықтама

Ішкі талдауға жататын бөлімнің атауы: Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

1) Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2) Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1.1. Бөлім жұмыс барысында келесі нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

- «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 113 қаулысы, «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы; Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы «11» желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары», Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы №805 қаулысымен бекітілген «Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарымен бекітілген егін және мал шаруашылығы саласын дамыту мен қолдауға бағытталған бағдарламалар қағидалары, техникалық инспекция қызметін жүргізу қағидалары, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары.

Бөлімнің негізгі функционалдық қызметтеріне сәйкес 12 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

2. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, БҒМтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді

қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, БҒМтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу);

4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, БҒМтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

5. Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, БҒМтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;

6. Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау;

7. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау;

8. Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау;

9. Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау;

10. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;

11. Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;

12. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау.

Осы қызметтерді атқару бөлімдегі 3 мемлекеттік қызметшілерге жүктелген.

Мал шаруашылығы бағытында 1 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2018 жыл басынан бері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында төленетін субсидиялар алуға 4 өтінім түсті. Субсидия төлеу әкімгері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болып белгіленген. Сондықтан құжаттар пакетінің дұрыстығы тексерілген жағдайда, тізімдеме бекітіліп, ары қарай төлем жасау үшін облыстық басқармаға жолданады. Өтінімдер электронды портал арқылы қабылданады және олар мерзімдеріне сәйкес қаралуда.

Бұл қызметтің электронды түрде көрсетілуі қызмет алушы мен қызмет беруші арасындағы байланысты болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға негіз болады.

Бөліммен егін шаруашылығы бағытында 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсету белгіленген. Алайда 2018 жылға мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен стандарттарына өзгерістер енгізілуіне байланысты өтінімдер қабылдау басталмай отыр (тиісті нормативтер бекітілмеуіне байланысты).

Техникалық инспекция саласында 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Жыл басынан бері осы қызметтер бойынша түскен өтініштер – 719.

Оның ішінде:

1. Тракторлар мен арнайы техникалар жүргізуші куәлігін алу – 87.

2. Тракторлар мен арнайы техникалардың кепілін тіркеу – 44.

3. Тракторлар мен арнайы техникаларға нөмірлік белгі беру –436.

4. Тракторлар мен арнайы техникаларды техникалық байқаудан өткізу -52 .

5. Тракторлар мен техникаларға ауыртпалықтың болуы туралы анықтама беру - 100.

Осы қызметтер ішінен 1 (бір) қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілсе, 3 (үш) қызмет е-лицензиялау электронды порталы арқылы, 1 (бір) қызмет бөлім арқылы көрсетіледі.

Қызмет алушы мен қызмет беруші арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туындауының алдын алу мақсатында құжаттар қабылдау арнайы кеңсе қызметкері арқылы жүргізіліп келеді. Қызмет алушы үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері стендісі жасақталған. Сондай-ақ, өтінімдер үлгісі көрсетілген арнайы бұрыш жасалып, барлық тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бөлімде қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарының алдын алу мақсатында қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықтар мен стандарт талаптарын, қызмет көрсету мерзімдерін қатаң сақтау бақылауға алынып отырады.

Жыл басынан барлығы 721 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде шағымдар мен заңбұзушылықтар орын алған жоқ.

Биылғы жылы бір мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбындағы біліктілік арттыру семинарынан өтті, жыл аяғына дейін де 1 қызметкердің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.

Бөліммен көрсетілетін қызметтер және жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарламалар талаптарын түсіндіру мақсатында жыл сайын тұрғындар және кәсіпкерлермен семинар-кеңестер ұйымдастырылып отырады. Биылғы жылы да сәуір-мамыр айларында 4 семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы», облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, қалалық жұмыспен қамту орталығы өкілдері қатысып, іске асырылып жатырған бағдарламаларына кеңінен түсінік беру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қабылдау басталғаны

туралы жергілікті газеттерге 2 хабарлама, қалалық әкімдік интернет-сайтында 1 хабарлама жарияланды.

2. Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару бойынша – бөлімде 7 бірлік штатта 7 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Қазіргі таңда бос лауазымдар жоқ. 2017 -2018 жылдары жұмысқа қабылданғандар және босатылғандар болған жоқ (бала күтіміндегі негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты, уақытша қызметкердің орнын босатуын қоспағанда).

2) Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша фактілер орын алған жоқ;

3) Мемлекеттік қызмет көрсету – бөліммен 12 қызмет түрі көрсетіледі;

4) Рұқсат беру функциясы – бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5) Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым, жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі бойынша, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін бұзу фактілері орын алған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін бағыт мемлекеттік қызмет көрсету саласы болып отыр. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияға беру қажеттігі анықталды.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру, қызмет алушы мен қызмет беруші арасында байланысты болдырмау, осы орайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу мақсатында бөліммен көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандыру немесе мемлекеттік корпорацияға беру жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар жолданды.

Сондай-ақ, қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, бөліммен беріліп отырған жеке және заңды тұлғалардың меншігінде арнайы техникалардың тіркелгені немесе тіркелмегені туралы анықтама беру қызметін ACQ мобильді қосымшасына енгізу мүмкіндігін қарау мәселесі қарастырылуда.


Мақаланың шыққан күні: 22.06.2018 06:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.06.2018 06:25

Қаралым саны: 1387