Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

«Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің 2016 жылдың 19 қазандағы №12 бұйрығына және бөлім басшысының 2017 жылдың 4 қаңтардағы №2 бұйрығына сәйкес қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Атырау қала әкімдігіне қарасты мекемесі болып табылады.

Ішкі талдау бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

 

1. Бөлім қызметіндегі нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1.1. «Экономикалық талдау және жоспарлау» секторы жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсан № 95-IV;

- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы;

- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

- «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысы;

- «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығы;

- «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығы;

- «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысы.

Аталған нормативтік құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды:

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша талдау жүргізу, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына қала бойынша көрсеткіштерінің жобасын әзірлеу, Атырау қаласының аумақтық дамыту бағдарламасын жасақтау, аумақтық дамыту бағдарламасы бойынша орындалысына талдау жүргізу және баға беру, бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік бағдарламаларына келісім беру, бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытынды дайындау, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау» бағыты бойынша жоспарланған жобалардың орындалысына бақылау жасап, ай сайын ақпарат дайындау, ауылдық елді-мекендерді дамытудың жылдық мониторингін дайындау, қала бойынша рейтинг көрсеткіштерін талдау.

Экономикалық талдау және жоспарлау секторымен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №275 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтің бір түрі көрсетіледі.

2017 жылдың 1 жартыжылдығына өтініш білдірген жас мамандар болмады. Жалпы құжаттарды қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа әкелетін факторлар орын алмайды, себебі мемлекеттік қызмет бекітілген Стандартқа сәйкес жүзеге асырылып, әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы шешім арнайы құрылған комиссиямен қабылданады.

 

1.2. «Бюджеттік жоспарлау» секторы жұмыс барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсан № 95-IV;

- «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы;

- «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167-III Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңы;

- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексі (Салық кодексі);

- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы;

- «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

- «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығы.

Аталған нормативтік құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды:

Бюджеттік комиссияның жұмысшы органының қызметін атқару, қала бюджетінің жобасын қалыптастыру, бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің лимиттерін айқындау, қала бюджетін нақтылау бойынша құжаттарды рәсімдеу, бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік өтінім жобаларын қарау, олар бойынша қорытындылар дайындау, бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік бағдарламаларын қарау және келісім беру, инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытынды дайындау, заңды тұлғалардың жарғылық қорын қалыптастыру немесе ұлғайту жөніндегі бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің қаржылық-экономикалық негіздемесін қарау, оған қорытынды дайындау, қалалық бюджетіне қатысты ақпарат әзірлеу, мекемелер шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру мәселелеріне қатысты методикалық басшылық жасау, бөлімнің салық және статистикалық есептілігін дайындау, бөлімнің негізгі материалдық-техникалық қорын есепке алу, есептен шығару, бөлімнің мемлекеттік сатып алуларды қолданыстағы заңдылыққа сәйкес іске асыру.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен мемлекеттік жоспарлау бойынша атқарушы органның құзырлары қатаң айқындалған, яғни орындалу мерзімдері, жүзеге асыру жолдары мен іс-әрекеттері заңмен шектелген, бұл мемлекеттік органның атқаратын міндеттерін Заңнан тыс іске асыруға жол бермейді, нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа әкелетін тәуекел жоқ.

Сонымен қатар, бөлімдегі мемлекеттік сатып алу процессі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес іске асырылады, яғни қызметтер мен тауарларды сатып алу мемлекеттік сатып алу порталында жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіледі, барлық мемлекеттік сатып алу (хабарлама, техникалық мазмұны, келісім шарт қорытындысы) электронды түрде жүзеге асырылады. Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермейді.

 

2. Ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару бойынша, оның ішінде бөлімде 9 штаттық орында 8 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. 1 бас маманның орны бос, қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне бос орынға жалпы конкурспен хабарландыру беру үшін хат жолданды. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алған жоқ;

2) Мүдделер қақтығысын реттеу-бұл бағытта фактілер орын алған жоқ;

3) Мемлекеттік қызметті көрсету-бөлім тарапынан 1 қызмет түрі көрсетіледі;

4) Рұқсат беру функциясы– бөліммен рұқсат беру функциясы қарастырылмаған;

5) Бақылау функцияларын іске асыру – құжатайналым бойынша жоғары органдар мен мекемелерден түсіп отырған хаттар бойынша жауаптар уақытылы дайындалды. Заңды және жеке тұлғалар тарапынан бөлімге тікелей арыз шағымдар түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ. Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына бөлім қызметшілері жеке табыс және мүлік салықтары бойынша есеп беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алған жоқ.

6) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер орын алған жоқ.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы бойынша түсініктеме беру мақсатында бөлім қызметкерлерімен жиын ұйымдастырылады және жергілікті газет беттеріне бөлімнің сенім телефоны 8(7122)271017 жарияланды.

 

Қорытынды: Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екендігі анықталды.


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2017 05:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2017 05:11