Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2020

Қызметтер

«Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік бұйрығына сәйкес, округ әкімінің 15.01.2020 жылғы № 7 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізеді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік оргендардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актілері;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны-24 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, округ әкімінің орынбасары -1, бас мамандар – 7, келісім шарт бойынша – 15 адам. 3-адам қазіргі бала күтімінде. 2019 жылдың 7 қазанында №171 округ әкімінің өкімімен бас маман қызметінің міндетін атқарушы болып Э.Урбисинова және № 172 округ әкімінің өкімімен 01.07.2020 жылығы бала күтімінің орнына Ә.Кеңесова уақытша бас маман қызметіне тағайындалды. 2019 жылдың 11 қарашасында № 392 аудан әкімінің өкімімен округ әкімінің міндетін атқарушы болып Әділов Отепберген тағайындалды.

Кенбай орта мектебінде мектеп директоры – 1, оқу ісі жөніндегі орынбасары – 3, тәрбие жөніндегі орынбасары – 2, ұстаздар – 85, қызметкер – 29 құрайды.

№ 9 орта мектебінде мектеп директоры – 1, оқу ісі жөніндегі орынбасары – 3, тәрбие жөніндегі орынбасары – 2, ұстаздар – 87, жұмысшы қызметкер – 50, шағын топ -3 адамды құрайды.

Сағыз орта мектебінде мектеп директоры – 1, оқу ісі жөніндегі орынбасары – 3, тәрбие жөніндегі орынбасары – 2, ұстаздар – 51, жұмысшы қызметкер – 39 құрайды.

«Ақбота» бөбекжай балалар бақшасында штат саны-58 бірлікті құрайды. Оның ішінде меңгеруші –1, есепші-1, әдіскер-1, психолог-1, тәрбиеші, көмекші тәрбиеші және келісім шарт бойынша-54 адам.

«Балауса» бөбекжай балалар бақшасында штат саны-47 бірлікті құрайды. Оның ішінде меңгеруші –1, есепші-1, әдіскер-1, психолог-1, тәрбиеші, көмекші тәрбиеші және келісім шарт бойынша-43 адам.

А.Өміров атындағы Саз мектебінде штат саны-35 бірлікті құрайды. Оның ішінде директор -1, меңгеруші-1, ұстаз-18, есепші -2, келісім шарт бойынша-31 адам.

Сағыз спорт кешенінде штат саны -23 бірлікті құрайды. Оның ішінде меңгеруші -1, келсім шарт бойынша -22 адам.

«Шұғыла»мәдениет үйінің штат саны -20 бірлікті құрайды. Оның ішінде меңгеруші-1, мәдени қызметкер-9, келісім шарт бойынша-10 адам.

Мекемелерде жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ.

Округ әкімі аппаратында және округке қарасты мемлекеттік мекемелерде жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.

«Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне

1)Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, обылыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды 5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

7) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

8) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

9) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын

ұйымдастыру, сондай-ақ ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

11) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

12) ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекен тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

13) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру;

«Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесінормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416- V «Қазақстан Республикасының мемлекттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы№ 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

«Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. 2019 жылдың 13 ақпанында № 33 округ әкімінің өкімімен бас маман Б.Қолқабаевқа ескерту, 21 ақпанында № 46 округ әкімінің өкімімен бас маман С.Тұрышқа ескерту, 25 ақпанында № 48 округ әкімінің өкімімен бас маман А.Қалиеваға қатаң согіс, 8 сәуірінде № 76 округ әкімінің өкімімен бас маман М.Шолтамановаға ескерту, 20 мамырында № 100 округ әкімінің өкімімен «Шұғыла» мәдениет үйінің директорының міндетін атқарушы М.Мерғалиеваға ескерту, 25 шілдесінде № 141 округ әкімінің өкімімен бас маман С.Ахметниязоваға ескерту, 27 желтоқсанында №235 округ әкімінің өкімімен бас маман Э.Урбисиноваға ескерту берілді.

«Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың мекеме қызметкерлеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

«Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылған жоқ.

«Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың қаңтар айымен желтоқсан айының аралығындағы округ бойынша жалпы саны - 147 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және 71-3-44 сенім телефоны орнатылған.

«Сағыз ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталған.

Округ бойынша мемлекеттік мекеме ғимараттарында 71-1-47 сенім телефоны және сенім жәшігі орнатылған.

Келіп түскен ұсыныс-пікірлердіқарап талдау жөнінде комиссия құрылып, тексеріліп отырады. Округ әкімінің жеке қабылдау кестесі әр тоқсан сайын өкіммен бекітіліп отырады.

 

Округ әкімінің орынбасары: Н.Әбишан

Бас маман: С.Ахметниязова

Бас маман: С.Тұрыш

Бас маман: А.Қалиева

Бас маман: Б.Қолқабаев

Бас маман: М.Шолтаманова

Бас маман: Э.Урбисинова

Бас маман: А.Кеңесова


Мақаланың шыққан күні: 22.01.2020 16:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.01.2020 16:37

Қаралым саны: 125