Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

1. Актінің жасалған күні, уақыты және орны: 27.12.2019 жыл сағат 11.00 де, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы.

2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2019 жылдың 31.12.2019 жылғы округ әкімінің №300 өкімі.

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2013 жылғы 29 қазандағы №274 қаулысымен алынған 2013 жылғы 28 қарашадағы №20-1915-06-ММ Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

4. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Есқалиев Мереке Василийұлы - округ әкімі; округ әкімі аппаратының бас есепшісі және бас мамандары Сарбаева Жанаргуль Жанбырбекқызы, Кубашева Гулшат Борангалиқызы, Есимова Маргарита Жанбырбайқызы, Өтесінова Нұржамал Ерболқызы.

5. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Есқалиев Мереке Василийұлы .

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

6. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 18 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 4 адам, техникалық қызметкерлер саны 12 - адам жұмыс жасайды.

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

10.04.2019 жылы округ әкімінің № 77-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманының міндетін уақытша атқарушы етіп Н.Өтесінованы қабылдады.

10.06.2019 жылы округ әкімінің № 118-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманы лауазымына Н.Өтесінованы тағайындалды.

22.04.2019 жылы округ әкімінің № 90-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманы Ә.Карон декреттік демалысқа шықты.

02.07.2019 жылы округ әкімінің № 139-ө өкімімен округ әкім аппаратына 1 шілде мен 31 желтоқсан айына 6ай мерзімге, жастар практикасымен заңгер кеңесші қызметіне Тайыр Айбобек жұмысқа алынды.

29.07.2019 жылы округ әкімінің № 152-ө өкімімен округ әкім аппаратына электрик мамандығы бойынша Аманов Мирамбек жұмысқа алынды.

29.08.2019 жылы округ әкімінің №184-ө өкімімен округ әкім аппаратының тазалықшысы Тулепова Орынша зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан босатылды.

11.09.2019 жылы округ әкімінің №205-ө өкімімен округ әкім аппаратының тазалықшы қызметіне Хамзина Турсын Наримановна жұмысқа алынды.

29.09.2019 жылы округ әкімінің №212-ө өкімімен округ аппаратының бас маманы Карон Әйгерім 2019 жылдың 26 қыркүйек айынан бастап , 2020 жылдың 1 қазанына дейін, өз арызы бойынша ақысыз күнге жіберілді.

08.10.2019 жылы округ әкімінің №226-ө өкімімен округ аппаратының бас маманы Нурлыбаева Райхан Ескабыловнаның өз өтінішіне сәйкес 2019 жылдың 08 қазанынан бастап атқаратын қызметінен босатылды.

05.11.2019 жылы округ әкімінің №249-ө өкімімен 2019 жылдың 1 қараша айынан бастап, жеке еңбек шартымен 6 ай мерзімге от жағушы қызметінетөмендегі қызметкерлер алынды:

1. Кобешов Батыргали Кайргалиевич

2. Даумшаров Нурдаулет Маликович

3. Ирғалиев Әділжан Қайыржанұлы.

20.11.2019 жылы округ әкімінің №249-ө өкімімен округ әкім аппаратының бас маманының міндетін уақытша атқарушы етіп Есимова Маргарита Жанбырбаевна жұмысқа алынды.

29.11.2019 жылы округ әкімінің №270-ө өкімімен округ аппаратының бас маманы Байдешева Гулден Мухамбетжанқызының өз өтінішіне сәйкес атқаратын қызметінен босатылды.

7. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

8. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

9. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

10. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

11. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған.

13. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 12 ай бойынша жалпы саны – 363 мемлекеттік қызметтер оның ішінде «Жеке және қосалқы шаруашылық анықтама беру туралы» қызметтер көрсетілген.

14. Көрнекі жарнамалар бойынша округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындармен кездесулер өткізіліп, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы арналған жадынамаларды халық көп шоғырланған орындарға Казпочта, мұқыр дәрігерлік амбулаториясына, Мұқыр ауылдық округ әкім аппартының ғимараттарына орналастырылды.

Ғ.Сланов және М.Зұлханов, 5ауыл көшелеріне «Атырау адалдық алаңы», «Ұрлық түбі қорлық», «Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендеуші ел», «Параға емес биікке ұмтыл» тақырыптарында баннерлер ілінген.

«Парақорлық –балалардың арманын ұрлау» тақырыбында А3 форматтағы бетшелер округке қарасты мекемелерге ілінді.

Мұқыр орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Парасатты азамат» бұрышы жасақталды, кітапханада «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген атпен көрме ұйымдастырылды. 9-11 сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп» пікірталас болды. 6-7 сынып оқушыларына «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында суреттер байқауы өтті. 11 сынып арасында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны ұйымдастырылды. 8 сыныптарға «Мемлекеттік қызмет –елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і, МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі www. adaldyk.kz тіркелген.

15. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 12 айы бойынша жеке тұлғалардан 114 арыз түсіп, оның ішінде 29 -і оң шешілсе, 85-не заң шеңберінде түсіндірілген.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған, 61-5-49 сенім телефондары жария етілген.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының басшысы

_____________________М.В. Есқалиев

«____» _______________ 2019 жыл

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

_____________________ М.Ж.Есимова

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Г.Б. Кубашева

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Ж.Ж.Сарбаева

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Н.Е.Өтесінова


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 10:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 10:55

Қаралым саны: 205