Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы акт

1. Актінің жасалған күні, уақыты және орны: 18.06.2017 жыл сағат 11.00 де, Қызылқоға ауданы. Мұқыр ауылы

2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2018 жылдың 18.06.2018 жылғы округ әкімінің №118 өкімі.

4. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Нурлыбаева Райхан - округ әкімінің орынбасары; округ әкімі аппаратының бас мамандары және бас есепшілері Есқалиев Мереке Василийұлы, Аманжанов Төлеухан Теміржанұлы, Карон Әйгерім Арсыланқызы, Кубашева Гулшат Борангалиевна.

5. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Жанузаков Аман Сакимович.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

6. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 19 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, округ әкімінің орынбасары -1 адам, бас мамандар – 6 адам, 1-әлеуметтік қызметкер және спорт нұсқаушысы, техникалық қызметкерлер саны 10 - адам жұмыс жасайды.

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. 17.05.2018 жылы округ әкімінің № 96 өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы А.Бейбітов басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқаратын лауазымдық қызметінен босатылды.

27.02.2018 жылғы № 39-ө өкімімен бас маман есепші Кубашева Гулшат Борангалиевнаның тәртіптік жазасын алу туралы өкімі шығарылды.

07.08.2018 жылғы №48-ө өкімімен Мұқыр ауылдық клуб директорының міндетін атқарушы Жарылғасынова Акшолпанға ескерту берілді.

«Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінде штат саны – 28 бірлікті құрайды. Атап айтқанда меңгеруші - 1, әдіскер 0.5,тәрбиешілер –8 адам, техникалық қызметкерлер саны - 18 адам жұмыс жасайды.

«Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алған жоқ.

Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. Округ әкімі аппаратында жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізілген.

7. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

8. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

9. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

10. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

11. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған .

13. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 6 ай бойынша жалпы саны – 508 мемлекеттік қызметтер оның ішінде «Жеке және қосалқы шаруашылық анықтама беру туралы» қызметтер көрсетілген.

14. Көрнекі жарнамалар бойынша округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындармен кездесулер өткізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?», «Пара беру-бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!», «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз!», «Сіз мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі өз құқықтарыңызды білесіз бе?» тақырыптары бойынша 300 дана брошюралар таратылып, Ғ.Есенғалиұлы және Б.Айтмағанбетов, М.Зұлханов көшелеріне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту», «Пара берме пара алма!», «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз!» тақырыптарында баннерлер ілінген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і, Мұқыр орта мектебі, МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі www. adaldyk.kz тіркелген.

«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталып, ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы мақалалар 21.06.2018 жылғы № 25 санды аудандық «Қызылқоға» газетіне «Жемқорлық –індет, күресу-міндет» туралы мақаласы шығарылды.

15. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 6 айы бойынша жеке тұлғалардан 70 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 46-і оң шешілсе, 24-і заң шеңберінде түсіндірілген.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және 6-15-49 сенім телефоны орнатылған. 07.04.2016 жылы № 14 аудандық «Қызылқоға» газетіне хабарланып сенім телефоны жария етілген.

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының басшысы

_____________________Р.Е.Нурлыбаева

«____» _______________ 2018 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Г.Б.Кубашева

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ М.В.Ескалиев

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Т.Т.Аманжанов

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Ә..Карон


Мақаланың шыққан күні: 29.06.2018 01:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2018 01:52

Қаралым саны: 1281