Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

ОЙЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«БЕКІТЕМІН»

Ойыл ауылдық округ әкімі

__________________ М.Жексенов

« » ___________ 2018 ж.

 

 

1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі - Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Ойыл ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 91 бұйрығымен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Жұмыс тобының басшысы:

А.Ақбалашұлы - бас маман;

Жұмыс тобының мүшелері:

М.Боранғалиев - бас маман;

Қ.Аманбайұлы - бас маман;

4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1)Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2)персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

1)Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны-6; азаматтық қызметшілер саны-3. Олар: 6 мемлекеттік қызметкер (округ әкімі және 5 бас маман) мен 12 штаттан тыс қызметкер (курьер, тазалықшы, автокөлік жүргізушісі, қарауылшықтар) барлығы 21 қызметкер жұмыс істейді. Ведомстволық бағыныстағы мекемелерде барлығы 41 қызметкер жұмыс істейді.

2018 жылдың есепті мерзімі бойынша округ әкімінен барлығы 91 өкім және 21 шешім шығарылған.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Кадрлардың қозғалысы - 2 бірлік

Округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.

Округ әкімі аппаратының дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары орнатылды.

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.

Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Округ әкімі аппаратының негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 40 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі тексерушілік органдармен анықталды:

1)Облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Баспаевтың 23.04.2018 жылғы №01-07-2/3462 санды хатқа сәйкес өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін округ әкімі М.Жексеновке 2018 жылғы 28 сәуірдегі №157 өкімімен

«ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. (Өкім көшірмесі жалғанды)

Ұсыныстар назарға алынып кемшіліктер жойылды.

3. Қортынды:

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Жұмыс тобының басшысы, бас маман: А.Ақбалашұлы

 

Бас маман: М.Боранғалиев

 

Бас маман: Қ.Аманбайұлы


Мақаланың шыққан күні: 07.09.2018 08:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.09.2018 08:22

Қаралым саны: 927