Array Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау анықтамасы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2017

Қызметтер

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Басқарма өз құзыретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі №104 «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәселелері» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес атқарады.

Аталған нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Басқармада персоналды басқару қызметі бойынша атап айтқанда 2016 жыл ішінде мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, қызметкерлердің (кадрлардың) негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымнан төмендетілуі, өзiнiң жақын туыстары немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқаруы сияқты фактілер болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу жүргізу жұмыстары бойынша да, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – басқарма тарапынан 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1. «Оралман мәртебесін беру»;

2. «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту».

Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету процестері Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №293 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қазанда №3328 болып тіркелген) және 2015 жылғы 2 қазандағы №310 «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қарашада №3334 болып тіркелген) қаулыларына сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында – қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету, қызметтің көрсетілу мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты т.б. фактілер анықталған жоқ.

Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бақылау-қадағалау функциялары көрсетілмейді, ал ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Қорытынды: Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін құрылған жұмыс тобы жоғарыда көрсетілген мәліметтер нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізіп, басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екені анықталды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша өзгеше ұсынымдар қабылдамады.


Мақаланың шыққан күні:: 11.11.2016 18:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.11.2016 18:10