Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.08.2017

Қызметтер

Қалалық жер қатынастары бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына және Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешіміне сай және осы шешім негізінде құрылған жұмысшы тобымен қалалық жер қатынастары бөліміндегі (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен 10 штаттық орында 7 мемлекеттік, 14 келісім шарт негізінде қызметшілер еңбек жасайды, 3 бос орын бар. 9 қызметкер өз еркімен жұмыстан босап кадр ауысымы орын алған. Тәртіптік жауапкершілікке 9 қызметкер тартылған, сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алмаған;

2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - Бөліммен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 7 мемлекет қызмет түрінен барлығы 2072 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Соның 27 қызмет түрінде Заңмен белгіленген мерзімдері бұзылған.

Талдау нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нормативтік құқықтық актілермен көзделмеген құжаттарды сұрату және кешіктіру фактілері анықталған барлығы 157. Бұл фактілер қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімі тарапынан және прокурорлық тексеру кезінде анықталған.

4) Рұқсат беру функциясында заңсыз шешімдер орын алмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша 15 факті орын алған.

Бөлімнің жұмысына бұқаралық ақпарат құралдарында 3 жағымсыз ақпарат таратылған мысалы «АқЖайық» газетінде жарияланған мақалада қала тұрғыны Г.Нұрбердиева есімді азаматша жер бөліміне құжаттарын тапсырған кезде қажеті жоқ құжаттарды сұратқан. Бұның өзі сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдігіне жағдай туғызатын көзқарас қалыптасып отыр, яғни бақылау функциясын әлсірегендігін көрсетеді.

Бұдан басқа, Бөлім тарапынан жүзеге асырылатын жер учаскелеріне құқық беру, мақсатын өзгерту және т.б. көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі (мерзімі бұзылып әлі күнге дейін шешімін таппаған 1042 азаматтың құжаттары бар) Заңмен көзделген мерзімде атқарылмайды, яғни бөлім тарапынан қала әкімдігінің қаулы жобаларымен тиісті комиссия отырыстарына материалдар өз деңгейінде дайындалып жасақталмайды.

Бұл бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі дұрыс жолға қойылмаған.

Сонымен бірге, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған азаматтардың өтініштерін арнай тізімге қою кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне жағдай туғызатын іс-әрекеттерге жол берілуде. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Қағидасына сай жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған өтініште жер учаскесін пайдаланудың мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралатын құқығы және бұрын мемлекеттен тегін алған жер учаскесі туралы мәлімет болуы тиіс.

Қағиданың 8 тармағына сай жоғарыда көрсетілген талаптар өтініште көрсетілмеген болса бұндай өтініштер қанағаттандыруға жатпайды делінген.

Алайда, іс жүзінде Бөліммен бұл талаптар орындалмай өтініштердің барлығы арнай есепке алынып кезекке қойылған, яғни негізсіз артықшылықтар көрсетіліп отыр.

Сонымен қатар, тиісті мемлекеттік органдардан сұрау салып бұрын мемлекеттен тегін жер алғандығын анықтау шараларын жүзеге асырмайды (азаматтардың өздерінен тиісті анықтамалар сұратылады, ол өз кезегінде ұзақ уақыт алып мерзімдердің бұзылуына әкеліп соғады).

Сондай – ақ, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа тәуекел туындап отырған маңызды мәселелердің бірі жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру кезінде жер таңдау актілерін қалалық сәулет бөлімі шығарып жер бөліміне жолдап отыр. Ал, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін сұраған азаматтардың кезектілігін жүргізіп отырған қалалық жер бөлімі болып табылады. Қазіргі кезде тәжіриебеде қалалық сәулет бөлімі жер таңдау актісі шығарып қалалық жер қатынастары бөліміне келгенде кезекке сай шықпауына орай құжаттар әрмен қарай рәсімделмей азаматтар сергелденге түсіп қалалық жер бөліміне қайта-қайта келуде.

Сондықтан, осы бағыттағы жұмысты бір жүйеге келтіру мақсатында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер таңдау актілерін қалалық жер бөлімі дайындап, комиссияға ұсыну қажет (бос жерлерді Бас жоспар және егжей тегжейлі жоспарларға сәйкестігін қалалық сәулет бөлімінен алдын ала келісілген түрде алу ұсынылады).

ҚР Жер кодексінің талаптарына сай бұл жұмыстарды атқаратын уәкілетті орган (жер бөлімі) не қалалық сәулет бөлімдері арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

1. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алу, яғни нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген құжаттардан басқа құжат талап етпеу (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру фактілерін жою бойынша түбегейлі шара қолдану ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

3. Бөлімнің жұмысына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз ақпараттарды үнемі бақылауда ұстап жоққа шығаратын немесе негізделген түрде жауап беру шараларын қолға алу (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

4. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған азаматтардың өтініштерін арнай тізімге қою кезінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Қағидасына сәйкестендіру (бұрын мемлекеттен тегін алған жер учаскесі туралы ақпаратты ескеріп, бас тарту шараларын алуға) (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

5. Жер учаскелеріне құқық беру, мақсатын өзгерту мәселелеріне қатысты құжаттарды рәсімдеуді ҚР Жер кодексінде көрсетілген мерзімдерде қала әкімдігінің қаулы жобаларын және тиісті комиссия отырыстарына материалдарды уақытылы дайындап ұсынуды жеделдету (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

6. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру кезінде жер таңдау актілерін дайындап шығаруды жүзеге асыру (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ).

 

Топ мүшелері:

Нсанбаев Серік Бағытжанұлы

Жалмұханова Рабиға Тайжанқызы

Ермекова Клара Сиражқызы

Әділғалиев Арман Бағытжанұлы

Мұқанбетқалиева Айгүл Құбашқызы

 

КЕЛІСІЛДІ:

Давлетов Руслан Ержанұлы


Мақаланың шыққан күні:: 21.12.2016 17:27
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.12.2016 17:27