Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

«БЕКІТЕМІН»

Қызылқоға ауылдық округінің

әкімі ____________ К.Кайруллин

«___» _____________ 2018 жыл

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, округ әкімінің 20.07.2018 жылғы №55 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2013 жылғы 29 қазандағы №274 қаулысымен алынған 2013 жылғы 28 қарашадағы №20-1915-06-ММ Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 11 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 3 адам, техникалық қызметкерлер саны 7-адам.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

7) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

8) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

9) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

11) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

12) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

13) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

«Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 11 айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 11 айы бойынша заңды тұлғадан - 1, жеке тұлғалардан 15 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 15-і оң шешіліп, заң шеңберінде түсінік жұмыстары жүргізіліп тиісті органдарға ұсыныс берілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және 3-15-25 сенім телефоны орнатылған.

Сонымен қатар, округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындарға «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз!» және «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» «Параға емес, биікке ұмтыл» тақырыптары бойынша 200 дана брошюралар таратылып, Ә.Игілікұлы, Т.Таубаев және Еспай көшелеріне баннерлер ілінді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлкеттік органдар, ұйымдар, квазимемлкеттік сектор субьектілері мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екендігін ескере отырып, «Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і, Қарабау орта мектебі, МКҚК «Қарлығаш» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі www. adaldyk.kz сайтында тіркелді.

 

Округ әкімі __________________________________ К.Кайруллин

«____» _______________ 2018 жыл

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы__________З.Шаликов

«____» _______________ 2018 жыл

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы__________Д.Әнетова

«____» _______________ 2018 жыл


Мақаланың шыққан күні: 21.11.2018 17:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2018 17:59

Қаралым саны: 683