Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

«БЕКІТЕМІН»

Жангелдин ауылдық округінің

әкімі_______________ А.Оразов

«____» _____________ 2019 жыл

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілді. Аталған бұйрыққа сай округ әкімінің 24.12.2019 жылғы №128 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының төрағасы А.С.Оразов, топ мүшелері: Р.Н.Байдаулетова, Ж.М.Куанышева, Д.М.Мурзагереев. Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Округ әкімі аппаратына қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6)Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 2019 жылғы 24-25 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Округ әкімі аппараты қызметінің 2019 жылғы 12 айына талданатын кезең болып табылды.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2013 жылғы 29 қазандағы “Ауылдық округ әкімі аппараттарының атаулары мен ережелерін бекіту туралы” №274 қаулысымен алынған 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №26-1915-06-ГУ Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 18 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі-1, бас мамандар – 5, техникалық қызметкерлер-12.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. Округ әкімінің 15.08.2019 жылғы №74 өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Т.Мырзашев басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты бас маман лауазымынан босатылды. Округ әкімінің 04.10.2019 жылғы №95 өкімімен Т.Қадиева округ әкімі аппаратының бас маманының міндеттерін уақытша атқару үшін қабылданды. Округ әкімінің 03.10.2019 жылғы №92 өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы А.Сәрсенова басқа мемлекеттік мекемеге ауысуына байланысты бас маман лауазымынан босатылды. Округ әкімінің 18.11.2019 жылғы №113 өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманының міндеттерін уақытша атқару үшін У.Карин тағайындалды. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ. Округ әкімінің 04.10.2019 жылғы №94 өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Ж.Куанышеваға өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды. Округ әкімінің 11.12.2019 жылғы №123 өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Ж.Куанышеваның тәртіптік жазасы (жіберілген кемшіліктерді түзетіп, өзіне жүктелген тапсырманы мерзімінде әрі сапалы орындағаны үшін) мерзімінен бұрын түсірілді. Округ әкімі аппаратында жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың 12 айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 12 айы бойынша жалпы саны – 508 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан 73 өтініш (45 қанағаттандырылып, 28 заң шеңберінде түсінік берілді), заңды тұлғалардан 3 өтініш (3 өтініш заң шеңберінде түсінік берілді) келіп түсті.

Округ әкімінің аппаратында азаматтардың ұсыныс-пікірлер салуға арналған жәшік қолжетімді жерде ілінулі. Сенім (2-60-30) телефоны жұмыс жасайды.

Округ әкімі А.С.Оразовтың «Бақылау картасының маңызы ерекше» атты мақаласы аудандық Қызылқоға газетінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №25 санына және Атырау облысы әкімдігінің Қызылқоға ауданы бойынша ресми интернет-ресурсының «Жемқорлықпен күрес» бөліміне жарияланды.

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының төрағасы

_____________________А.С.Оразов

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Р.Н.Байдаулетова

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Ж.М.Куанышева

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Д.С.Мурзагереев


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 15:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 15:43

Қаралым саны: 221