Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

"Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

«БЕКІТЕМІН»

Жангелдин ауылдық округінің

әкімі_______________ А.Оразов

«____» _____________ 2018 жыл

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, округ әкімінің 19.06.2018 жылғы №49а өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Округ әкімі аппаратына қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6)Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2013 жылғы 29 қазандағы “Ауылдық округ әкімі аппараттарының атаулары мен ережелерін бекіту туралы” №274 қаулысымен алынған 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №26-1915-06-ГУ Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 6 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 5 адам.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. Аудан әкімінің 05.04.2018 жылғы №110-ө өкімімен А.Оразов Жангелдин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Округ әкімінің 13.03.2018 жылғы №22 өкімімен Ж.Куанышева округ әкімі аппаратының бас маманы болып тағайындалды. Округ әкімінің 01.03.2018 жылғы №19 өкімімен округ әкімінің бас маманы А.Сәрсенова жүктілікке және босануға байланысты демалысқа жіберілді.

Округ әкімі аппаратында жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.

Округ әкімі аппаратының бас маманы Ж.Куанышеваның 2018 жылғы 28 сәуірдегі түсініктемесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында тіркемей, есепке алмағаны үшін округ әкімінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі №36 өкімімен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілген (өкім көшірмесі жалғанды).

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Жангелдин ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы қаңтар-маусым айларында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 6 ай бойынша жалпы саны – 234 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 6 айы бойынша жеке тұлғалардан 26 өтініш (17 қанағаттандырылып, 9 тиiстi субъектiлерге жiберiлді), заңды тұлғалардан 2 өтініш (2 тиiстi субъектiлерге жiберiлді) келіп түсті.

Округ әкімі аппаратында азаматтардың ұсыныс-пікірлер салуға арналған жәшік қолжетімді жерде ілінулі. Жәшікке ұсыныс-пікір түскен жоқ. Сенім (2-60-30) телефоны жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының жергілікті деңгейде маңыздылығын жариялау және тиісті дәрежеде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мекеме қызметкерлері арасында 6 рет түсінік жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар арасында 350 жадынамалар таратылды.

Демеу Асанғалиев көшесіне сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында 2 баннер ілінді.

Сондай ақ округ әкімі аппаратының бас маманы Ж.Куанышеваның «Жемқорлық-індет, жою-міндет» тақырыбындағы мақаласы аудандық Қызылқоға газетіне және Атырау облысы әкімдігінің Қызылқоға ауданы бойынша ресми интернет ресурсына жарияланды.

Жангелдин ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында «Қоғам дерті жемқорлық» тақырыбында арнайы бұрыш жасақталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кешенді жоспардың «Таспа» жобасына сәйкес 5 әлеуметтік сұхбат түсіріліп, аудан әкімдігінің фейсбуг парақшасына орналастырылды.

Округ әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының төрағасы

_____________________А.С.Оразов

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_________________ Ж.М.Куанышева

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ С.Т.Тапаев

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

__________________  Т.Р.Мырзашев

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

__________________ Г.С.Сырымова


Мақаланың шыққан күні: 19.07.2018 00:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.07.2018 10:10

Қаралым саны: 923