Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппаратындағы сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі - Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы №7–өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Жұмыс тобының басшысы:

З.Шаликов - бас маман;

Жұмыс тобының мүшелері:

Д.Әнетова - бас маман;

С.Тауман – ардагерлер кеңесінің төрағасы;

4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 13 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 3 адам, келісім-шарт қызметкерлер саны - 9 қызметкер (шаруашылық меңгерушісі, іс-жүргізуші, тазалықшы, автокөлік жүргізушісі, қарауылшықтар) жұмыс істейді.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

- 29.03.2019 жылы округ әкімінің №31 өкімімен Дүйсембаев Орынбек, 15.04.2019 жылы округ әкімінің №47 өкімімен Идирисов Асқар маусымдық от жағу жұмысынан босатылды.

- 15.10.2019 жылы округ әкімінің №118 өкімімен Балаубаев Мади мен Аяпбергенов Жүніс маусымдық от жағу жұмысына қабылданды.

- 21.11.2019 жылы округ әкімінің №133 өкімімен Абуов Абзал келісім-шарт негізінде жүргізуші болып қабылданды.

«Қарлығаш» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінде штат саны – 35,99 бірлікті құрайды. Атап айтқанда меңгеруші - 1, әдіскер - 0.5, психолог- 0.5, тәрбиешілер –10,04 адам, саз жетекшісі – 0,5, бейнелеу өнері жетекшісі-0,25, денетәрбиесі нұсқаушы-0,5, көмекші тәрбиеші - 4,2 штат, есепші-0,5, іс тігуші-0,5 шаруашылық меңгерушісі-1,0, тазалықшы-2 штат, бас аспаз -1 штат, көмекші аспаз-1, жұмысшы-0,5, ғимарат жөндеуші-1 штат, медбибі-1, кір жуушы- 1, қарауылшық-3, аула сыпырушы-1, сантехник-1, электрик-1, от жағушы-3 барлығы 36 адам жұмыс жасайды.

-16.04.2019 жылғы №27 бұйрығымен келісім шарт мерзімі аяқталуына байланысты Избасаров Медет- жұмыстан босатылды.

-16.04.2019 жылғы №28 бұйрығымен маусымдық от жағушы Балаубаев Мәди жұмыстан босатылды.

-16.04.2019 жылғы №29 бұйрығымен маусымдық от жағушы Дунентаев Сисенбай жұмыстан босатылды.

-16.04.2019 жылғы № 29-2 бұйрығымен маусымдық от жағушы Дунентаев Сисенбай ауа райының салқындауына байланысты күніне 4 сағаттық жұмысқа қабылданды.

-17.06.2019 жылғы №50 бұйрығымен көмекші тәрбиеші болып Капанова Ұлмеректің орнына уақытша Саламатова Балнұр тағайындалсын.

-15.07.2019 жылғы №62 бұйрығымен уақытша Жұмалиева Айнұр оператор ЭВМ жұмысына қабылданды.

-22.07.2019 жылғы №67 бұйрығымен өз өтініші бойынша көмекші тәрбиеші Саламатова Балнұр жұмыстан босатылды.

-06.08.2019 жылғы №69 бұйрығымен көмекші тәрбиеші болып Сәрсенбаева Ақмарал тағайындалсын.

-02.09.2019 жылғы №77 бұйрығымен әдіскер Исмагулова Маия өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды.

-13.09.2019 жылғы № 88 бұйрығымен Куанышева Разия мен Нұржауова Нұрила шағын орталық тәрбиешісі болып жұмысқа қабылданды.

-16.09.2019 жылғы №89 бұйрығымен әдіскер Ешекенова Әсел өз өтініші бойынша жұмысқа қабылданды.

-23.09.2019 жылғы №90 бұйрығымен Қапажанова Райхангүл 0,5-музыка жетекшісі және 0,25- бейнелеу өнері жетекшісі болып жұмыспен қамту орталығының №246 жолдамасымен жұмысқа қабылданды.

-23.09.2019 жылғы №90 бұйрығымен Сейтқазиева Ақтоты көмекші тәрбиеші болып жұмыспен қамту орталығының №247 жолдамасымен жұмысқа қабылданды.

-25.09.2019 жылғы №95 бұйрығымен Дунентаев Сисенбай сантехник, Муханбеталиев Серик ғимаратқа қызмет көрсететін жұмысшы, Ерғалиев Наурыз электрик, Смахов Тулеген күзетші, Дюсенгалиева Лаззат тазалықшы болып жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа қабылданды.

-30.09.2019 жылғы № 96 бұйрығымен Бисенғалиева Гүлдана көмекші тәрбиеші жұмыспен қамту орталығының №258 жолдамасымен жұмысқа қабылданды.

-15.10.2019 жылғы №102 бұйрығымен Тынысова Айзада және Муханбеталиев Берік маусымдық негізде от жағушы болып жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа қабылданды.

-16.10.2019 жылғы № 103 бұйрығымен Дюсенбаев Нұрлан от жағушы болып жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен қабылданды.

-15.11.2019 жылғы №113 бұйрығымен Орынбасарова Данагүл көмекші тәрбиешісі жұмысына уақытша жұмыспен қамту орталығы жолдамасымен қабылданды.

- 03.12.2019 жылғы №120 бұйрығымен дене тәрбиесі нұсқаушысы болып Кубенов Асхат жұмысқа қабылданды.

МҚКК «Еспай» мәдениет үйі мекемесіндегі штат саны 8. Атап айтқанда мекеме директоры-1адам, көркемдік жетекші-1адам, әдіскер-1адам, есепші-1 адам, от жағушы-3адам, еден жуушы-1адам қызмет етеді.

2019 жылдың есепті мерзімі бойынша 4 адам жұмысқа алынды.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

2019 жылдың есепті мерзімі бойынша округ әкімінен барлығы 151 өкім және 21 шешім шығарылған.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.

Округ әкімі аппаратының дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары орнатылды.

Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.

Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Округ әкімі аппаратының негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 23 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 12 айы бойынша жеке тұлғалардан 15 арыз түсіп, оның ішінде 11 –і оң шешілсе, 4-не заң шеңберінде түсіндірілді.

5. Қорытынды:

«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Жұмыс тобының басшысы, бас маман: З.Шаликов

Жұмыс тобының мүшесі, бас маман: Д.Әнетова

Ардагерлер кеңесінің төрағасы: С.Тауман


Мақаланың шыққан күні: 22.01.2020 14:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.01.2020 14:35

Қаралым саны: 90