Array Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына және Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешіміне сай және осы шешім негізінде құрылған жұмысшы тобымен қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміндегі (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен 30 штаттық орында 28 мемлекеттік, 98 келісім шарт негізінде қызметшілер еңбек жасайды, 2 бос орын бар. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алмаған;

2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - Бөліммен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 27 мемлекет қызмет түрінен барлығы 29512 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Заңмен белгіленген мерзімдердің бұзылу фактілері орын алмаған.

4) Рұқсат беру функциясында заңсыз шешімдер орын алмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша 1 факті орын алған.

Бұның өзі сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдігіне туғызатын жағдай қалыптасып отыр, яғни бақылау функциясын әлсірегендігін көрсетеді.

Сонымен бірге, Бөлім тікелей басшылыққа алып жұмыс жасайтын ҚР Заңдарымен нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін тудыратын мәселелер анықталды. Атап айтқанда:

- өмірлік қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға біржолғы көмек тағайындауда ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырындағы №504 қаулысын басшылыққа алып, жұмыстар жүргізеді. Аталған қаулыда «Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адам арызданған күннен кейін учаскелік комиссия екі

жұмыс күн ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді» деп көрсетілген. Іс жүзінде арызданушының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына екі күн ішінде зерделеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.

Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы үшін әлеуметтік көмек, атаулы әлеуметтік көмек және т.б. көмекке мұқтаж сұрап арызданған азаматтардың үйлеріне аяқтай барып, тұрғын үйі мен әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлары тексеріледі. Арызданушының үйлеріне барған кезде есіктері кілттеулі болып, 2-ші, 3-ші қайтара баруға тура келеді. 2015 жылы бөлімге заңды және жеке тұлғалардан әлеуметтік көмек сұрғандар саны – 9919 болса, 2016 жылдың алты айында 3472.

Ал, егер де әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы зерделенбеген жағдайда, заң бұзушылықтарға әкеліп соғады.

- 2016 жылғы 6 сәуірде № 482 ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13 бабына сай жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы құжаттар тапсыру көзделген жеке басын куәландыратын құжат, еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде), білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі делінген.

Ал, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында бұндай норма көзделмеген, тек жеке куәлік сұратылады делінген. Соған сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуде Заңға қарама-қайшылық туындауда.

Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет қалалық бөлімде, жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізілетін болғандықтан халықтың әрлі-берлі жүрісін көбейтіп отыр.

- 2016 жылғы 9 сәуірдегі ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 183-бабының 2-тармағында Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтыруар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі делінген, ал «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу» мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында тұрақты тұрғылықты жері бойынша деп көрсетілмеген.

- Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 257-бабында «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекетік тіркеуді он алты жасқа толған және атын (немесе), әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша

тіркеуші органдар жүргізеді», стандарт бойынша «Ата-анасының біреуінің тұрғылықты жері бойынша немесе баланың туған жері бойынша» делінген.

- «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында «Қайтыс болған адамның әскери билетін» тіркеуші органға тапсыру керектігі көрсетілмеген, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 270-бабының 4- тармағында «Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаттар, әскери билеті тіркеуші органға тапсырылуға жатады» деп жазылған.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру фактілерін жою бойынша түбегейлі шара қолдану ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

2. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандарттарды қатаң басшылыққа алу, яғни нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген құжаттардан басқа құжат талап етпеу (МЕРЗІМІ ҮНЕМІ);

3. ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырындағы №504 қаулысын бекітілген Қағидасында көрсетілген «Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адам арызданған күннен кейін учаскелік комиссия екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді» делінген тармақтағы 2 күнді 5 күнге өзгерту тураы ұсыныс берілсін (МЕРЗІМІ 2016 жылдың 23 қазанына дейін);

4. Жоғарыда көрсетілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттарын Заңмен сәйкестендіру және толықтырулар енгізу туралы Ұсыныстар тиісті уәкілетті органдарға осы анықтамаға сай берілсін ( МЕРЗІМІ 2016 жылдың 10 қазанына дейін).

Топ мүшелері:

Нсанбаев Серік Бағытжанұлы

 Жалмұханова Рабиға Тайжанқызы

Ермекова Клара Сиражқызы

Әділғалиев Арман Бағытжанұлы

Мұқанбетқалиева Айгүл Құбашқызы

 

КЕЛІСІЛДІ:

Хабиева Нұрлы Тауфикқызы

 

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал
актілерін тіркеу бөлімінің басшысы
Н. Хабиеваға

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына және Атырау қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешіміне сай және осы шешім негізінде құрылған жұмысшы тобымен қалалық сәулет және қалақұрылысы бөліміндегі (әрмен қарай мәтін бойынша - Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Соған орай, қарауыңызға және кемшіліктерді жою шараларын қолдану үшін (яғни тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар жолдау) жасақталған талдамалық анықтаманы қосымшаға сәйкес ұсынады.

Қосымша: парақта.

П. Хасанов


Мақаланың шыққан күні:: 21.12.2016 18:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.12.2016 18:00